Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация бойынша тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықты коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент денсаулық сақтау министрінен медұйымдардың вакцинацияға дайындығын сұрады.

«Бұл мәселе бізде ерекше өзекті. Біз барлық медициналық ұйыммен оқыту жүргізіп жатырмыз. Әрбір медициналық ұйым вакцинация форматы бойынша барлық сұрағын талқылады. (…) Алғашқы вакцина «Спутник-V» болады. Мұнда өңірлерде СҚ Фармацияның барлық хабында қосымша тоңазытқыш жабдықтар сатып алынды. Медицина қызметкерлерін оқыту бойынша біз арнайы стандарт пен вакцинаны қолдану бойынша нұсқаулық жасадық. Қазір халыққа вакцинацияның пайдалы екенін жеткізу үшін материалдар дайындалды», — деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Мемлекет басшысы Цойға тапсырма берді.

«Осыған байланысты сіздерге, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ретінде, барлық әкімге, сондай-ақ ведомстволардың басшыларына жүгінемін. Жалпыға бірдей вакцинация — бұл өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациялау бойынша байыпты, пысықталған, егжей-тегжейлі жұмыс жоспары қажет. Шатасулар мен хаосты болдырмау үшін ескеретін көптеген нюанс бар. Жалпы вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзеуі керек, бірақ алда көп жұмыс бар», — деді Қазақстан Президенті.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...