«Қош бол, мама, бұл жолы мәңгілікке»: Еркебұлан Мырзабек коронавирустан қайтыс болған анасымен қоштасты

Қазақстандық актер, әзілкеш Еркебұлан Мырзабек анасымен қоштасты. Актердің анасы біршама уақыт бұрын коронавирустан көз жұмды. Еркебұлан мырза желіде мұңды жазба жариялап, елді жылатты, деп жазады stan.kz.

«Қош бол, мама, бұл жолы мәңгілікке. Ыстық тамағыңызды іше алмадым. Ыстық құшағыңызға бөлене алмадым. Тым болмаса, жүзіңізді де көріп үлгермедім. Сізге еркелеп жүріп уәделерімді де орындамадым. Осы уақытқа дейін шенді-беделді, осы бағады дейтіндей адам да бола алмадым. Мүмкін сондай бір тұлға болғанда шетелге апарып емдетіп, қазір сіздің күлкіңізге қарап отырар ма едік. Керісінше сізбен жарысып, төсекке жатып алдым. Үмітіңізді ақтамадым. Сіз қалағандай бала бола алмадым. Кешірші мама. Әке, сіз де кешіріңізші. Анамды сізге қарай шығарып салдық», — деді Еркебұлан Мырзабек

Актердің анасы коронавирустың бірінші толқыны кезінде өмірден өтті. Ол кезде актердің өзі де ауырып, анасымен қоштасып үлгермеген екен.

«Анамды ауруханаға әрең жатқыздық. Адам көп. Аурухананың дәлізінде жатты. Күнделікті адам мәйіті шығып жатты. Дәрігерлер қалай емдеу керек екенін білмеді. Дәрі тапшы. Алматыдан әрең алдырдық. Ол кезде Түркістанда едік. Солай жүгіріп жүрдік. Анамның жағдайы аздап түзеле бастады. Тамақ іше бастады. Сол кезде мен өзімді тастап жібердім. Өзім де әлсіреп, ауырып қалдым. Коронавирус жұқтырыппын. Анам жатқан ауруханада емес, басқа ауруханада жаттым. Сол кезде анам қайтыс болды. Оны маған айтқан жоқ. Кейін естігенде, есімнен тандым. Мүлде есімді білмеймін. Бір өліп тірілдім. Мені жансақтау бөліміне апарып, аппаратқа қосып аман алып қалыпты. Анамның өліміне өзімді кінәладым. Үкіметті кінәладым. Егер ақшам көп болғанда шетелге апарып емдетер ме едім. Үкімет дер кезінде шекараны жапқанда, ауруды таратпағанда бұлай болмас па еді?», — деді Мырзабек Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Еркебұлан Мырзабек халықтан кешірім сұрамаған билікке өкпелі.

«Дер кезінде дұрыс әрекет етпеді. Шетелден дәрігерлерді алдыртпады. Халыққа жағдай жасалмады. Қанша адам өлді. Қазір оның бәрі ұмытылып кетті. Бірақ халықтан кешірім сұраған жоқ. Соған қатты ренжідім», — деді актер.

Желідегі оқырмандары актерге көңіл айтып, сабырлық тіледі.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...