Жүргізушілерді қағаз құжаттардан неге толықтай босатуға болмайды?

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көлік жүргізушілерін неліктен қағаз құжаттардан толықтай босатуға болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов бұл мәселенің көлік басқару кезінде өзімен бірге жүргізуші куәлігін алып жүру қажеттілігінен босатуды көздейтін заң жобасына қатысты екенін атап өтті.

«Неліктен бұл құжаттардан толық бас тартуға болмайды? Біріншіден, бізде жол қозғалысы туралы Вена конвенциясы бар. Онда халықаралық жол қозғалысына қатысушылар арнайы құжаты болған кезде көлік құралдарын пайдалана алатыны көрсетілген. Екіншіден, бұл құжаттар азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін кажет. Яғни автокөлік сатқан кезде техпаспорт арқылы тіркелу сияқты», — деп жауап берді Түсіпов.

Оның айтуынша, кейбір жағдайда жүргізуші куәлігі жұмысқа алу кезінде, жүргізу өтілін, біліктілігін растау үшін керек. Сондықтан мұндай құжаттарды беруден толық бас тарту мүмкін емес.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент қазақстандық жүргізушілерге ел ішінде жүргізуші куәлігін және техпаспортты өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заң қабылдады.

Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке куәліктері бойынша электрондық деректер базасынан құжаттарының бар-жоғын тексереді және жанында болмағаны үшін айыппұл салынбайды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...