Дикий Арман: Мен 8 жыл түрмеде отырдым

Ел аузында «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев желіде видео жазба жариялады. Бұрынғы өткені жайлы сөз қозғаған ол көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады stan.kz.

Арман Жұмагелдиев желіде оқырмандарының сауалына жауап берді.

«Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір «You tube батырлары» бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес берді. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?», — деді ол.

Желі қолданушылары сан сауалдар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарын жаудырып жатыр.

Бұған дейін Балғынбек Имашев Дикий Арман мен Нұржан Иманәлиевке өлең арнаған еді. Көпшілік мақтау айтты деп сынға алса, енді бірі қошемет білдірді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...