Сіңлім өмірге келгенде әкем ұл болмады деп қатты ренжіді — Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова өзінен кейін сіңлісі жайлы айтып, бала күнгі қызықтарын бөлісті. Әншінің сіңлісі Жәнияны отбасы ұл болса деп күткен екен. Алайда кейіннен Жәния әкесінің ерке қызы болып өскен, деп жазады stan.kz.

«Үйде 3 қызбыз, кенжеміз Нұрсұлтан, Жәниядан кейін 4 жылдан соң туды. Үшінші бала ұл болса екен» деп тілеген әкеміз қыз дегенді естіп үлкен апасына Рая тәтеге апарып, сол кісіге беріңдер қызды“,  — деп перзентханаға келмей қойған екен. «Ұл болмай қалды-ау» деп көңілі біраз уақыт кәдімгідей түсіп жүрген. Тіпті, біздің өзіміз «Туу, ұл емес пе?!“ деп қалғанымыз есімізде.

Үйге келген сәтінен, барлығы өзгерді ғой. Әжесінің ең сүйікті тәтті немересіне айналды, папамызға ең қатты ұқсайтын қыз осы Жәния. Кішкентайынан Жәния не айтса, папа үндемей орындайды. Біз кейде әкемізді бірдеңеге көндіре алмай жатсақ, Жәния арқылы жасатып аламыз. Солай. Қыз жақсы ғой, қызы бар үйдің берекесі көп дейді. Ұқсаймыз, ия, Жәния екеуміз?», — деп жазды Сәдуақасова парақшасында.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...