Зейнетақы жинағын алу: ұсталатын салықты қалай төлеуге болады?

Зейнетақы жинағынан тұрғын үй үшін ақша алған кезде ұсталатын салықты қалай төлеуге болады? Бұл сұраққа «Отбасы банк» өкілі Расул Рамазанов жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Порталда өтінім берген кезде салықты бірден алуын не зейнетке шыққаннан кейін ай сайын алып тұруды таңдауға болады. Мысалы қазір бір жолғы зейнетақы төлеміңізді алып, ол шамамен 2 миллион теңге болса, 200 мың теңге (10 пайызын) бірден төлей аласыз не зейнетке шыққан кезде сол 200 мың теңгені бөліп төлеп отырсаңыз болады», — деді «Отбасы банк» АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, егер ақшаны тұрғын үй үшін алса, шешіп алынған ақшаның 10 пайызы салық ретінде ұсталады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...