Тоқаев дауға айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауға айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа заң қабылданды деген қауесет пайда болды, оған сәйкес кез келген адамды 15 тәулікке қамауға алуға болады, ал үшінші тұлғалардың өтініші бойынша балаларды отбасынан тартып алуға болады.

Қауесет 23 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін пайда болды. Онда депутаттар «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілісмендердің сөзін дұрыс түсінбеген азаматтар балаларына алаңдаушылық білдіріп, тіпті қоғамды жаңа заңның қабылдануына қарсы дауыс беруге шақыра бастады.

Заң жобасы туралы толығырақ мына сілтеме бойынша оқыңыз.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....