Жауапты хатшы лауазымы «аппарат басшысы» деп қайта құрылды

2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлық Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жауапты хатшылар институтын тарату жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған заңдарды іске асыру үшін әзірленді.

Осының алдында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңынан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттіктерін реттейтін нормалар алынып тасталып, аппарат басшыларына қатысты нормалар «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен бекітілген болатын. Сондай-ақ, аппарат басшысы мен министр арасында лауазымдық өкілеттіктер мен жауапкершіліктің аражігін ажырату бойынша тиісті заңнамалық түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, жауапты хатшылардың өкілеттіктерін министрліктер аппараттарының басшыларына жүктеуді көздейтін Президенттің бірқатар жарлықтарына тиісті түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ, Жарлықпен «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Жарлық, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру Қағидалары және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары жойылуға қойылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...