Медициналық сақтандыру қоры коронавируспен күреске 187 миллиард теңге жұмсады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов 2020 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін қор Қазақстандағы коронавируспен күреске шамамен 187 миллиард теңге жұмсағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Наурыз бен желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде қор коронавирус инфекциясымен күресуге шамамен 187 миллиард теңге жұмсады.

Егер нақты бағыттар бойынша тоқталатын болсақ, біз 110 миллиард теңгені денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне үстемақы төлеуге жұмсадық. Бұл біздің стационарларда және басқа да ұйымдарда жұмыс істейтін, коронавируспен күресетін дәрігерлер», — деді Төкежанов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, медициналық көмекке және коронавирустың алдын алу үшін 54 миллиард теңге жұмсалды.

«Яғни, бұл ақшаға 384 мыңнан аса адам провизорлық және инфекциялық стационарларға жатқызылды және емделді. Сондай-ақ, ПТР-диагностика қызметіне 27 миллиард теңге жұмсалды. 1,9 миллиард ПТР сынағы өткізілді. Мобильді бригадалардың шығуына — 3,2 миллиард теңге. 550 мыңға жуық сапар өткізілді», — деді Төкежанов.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...

Рухани-адамгершілік әдебиетті зерделеу

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері рухани-адамгершілік және...

Изучение духовно-нравственной литературы

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности в рамках...