20 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Ел территориясының басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-бастыста жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола және Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Павлодар облысында күндіз бұрқасын болады және жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан және Атырау облысының кей жерінде бұрқасын болады, БҚО-ның кей жерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі және жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...