12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Смартфон сатып аларда не нәрсеге мән берген жөн

Смартфонды сатып аларда процессоры мен Android нұсқасына мән берген жөн. Бұл жөнінде Massaget.kz порталы әлемдік статистикаға сүйене отырып хабарлады.

Танымал Antutu бенчмаркі 2020 жылдың төртінші кварталындағы смартфон сатып алушылардың статистикасын жариялады. Онда тұтынушылардың өздері таңдаған смартфонның қандай артықшылығы мен сипаттамасына қарағаны талданған. 2020 жылдың соңында өндірілген смартфондардың көбі экраны 6,5 дюмды, сапасы – 2300х1080 пиксель. Оперативті жады – 6 ГБ, негізгі жады – 128 ГБ. Өндірілген смартфондардың 59 пайызы – Qualcomm процессорын орнатқан гаджеттер. Әрі осы уақытта өндірілген смартфондардың 80 пайызында Android 10 орнатылған. Ал Android-тың 11-нұсқасы орнатылған смартфондардың саны 4 пайызды ғана құрайды. Еске сала кетсек, осыған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде. Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген. Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...