«Күйеуің сенің жылан екеніңді білмей жүр». Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваға пікірін білдірді

Айнұр Тұрсынбаева жолдасын туған күнімен құттықтады. Көпшілікке жұбайының мінезі мен жақсы қасиеттері туралы айтып, жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Бұл туралы Тұрсынбаева желіде жазды, деп хабарлайды stan.kz.

“Құласам демеп, жыласам жұбатқан жарығым туған күніңізбен.
“Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп,

Қалады жүген ұстап ертеңіне…” деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам… Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын. Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп “Алла жеткізеді” деп күліп қойып жүре береді. Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді. Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах!

Мені мақтағанның бәрімен дос, мені жамандаған адаммен ата жау. Түзде қандай қатал болса, үйде одан мейірімді адам жоқ. Қасымда қамқорым болып аман жүріңіз. Ноқтаға басы сыймаған асау тұлпардай батырыма екі дүниенің абыройын тілеймін. Инстада отырып бүкіл комментарийді жібермей оқып отыратынын ескеріп, ақ тілектеріңізді жаудырып жіберіңіздер”, — деп жазды айтыскер.

Бұған Балғынбек Имашев әзілмен жауап берді.

«Сенің жылан екеніңді білмейді ғой. Мен айтқанға сенбейді. Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!», деді Имашев.

«Құттықтаймын Айнура, жүрегіңнің ішіндегі жүрегің аман болсын», деп жазды Ләйлә Сұлтан.

«Алла бақтарыңды еселей берсін», деді Жазира Байырбекова.

«Бақытты болыңдар!!!!!», — деді Гүлнұр Оразымбетова.

«Аллах екі дүниеде де жүздеріңізді жарық қылсын, абыройыңыз асқақтай берсін, екі дүниенің бақытын, екі дүниенің байлығын тілеймін! Бақыттарыңыз баянды болсын», деді желі қолданушылары.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....