ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тиісті құжатсыз балық тасымалдаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қаңтарда сағат 01.10 шамасында тәртіп сақшылары «Өскемен-Самар» тасжолының 60-шақырымында «ГАЗ» автокөлігін тоқтатқан.
«Тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушінің Самар ауылынан Өскеменге қарай келе жатқаны белгілі болды. Көлікте ол 565 келі балықты құжатсыз тасымалдаған. Қазіргі уақытта осыған орай тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижелері бойынша шара қабылданады», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы» тасжолын патрульдеу кезінде полицейлер «Fiat Ducato» көлігін тоқтатқан. Көліктің жүк салғышынан 40 қапқа салынған ешқандай құжаты жоқ балық табылды. Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны балықты Өскеменнен тасымалдап бара жатқанын жеткізген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Мост между теорией и практикой 

В МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО ГРАЖДАНСКИМ ДЕЛАМ ГОРОДА СЕМЕЙ СОСТОЯЛОСЬ...

К 5-летию института административной юстиции Казахстана 

12 ИЮНЯ 2026 ГОДА В АЛМАТЫ СОСТОЯЛАСЬ МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНОПРАКТИЧЕСКАЯ...

«Симфония Шакарима»

ФИЛИАЛОМ СОЮЗА СУДЕЙ ОБЛАСТИ АБАЙ СОВМЕСТНО СО СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫМ МЕЖРАЙОННЫМ...

Современные тенденции

БУКВАЛЬНО В ТЕЧЕНИЕ НЕБОЛЬШОГО ОТРЕЗКА ВРЕМЕНИ В ГОРОДЕ УРАЛЬСКЕ...

Образцовая семья – фундамент общества 

В наше непростое время именно институт семьи остается нравственной...