Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше қаладағы оқушылар қашықтан оқиды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мен солтүстіктегі бірнеше облыс, шығыстағы және Қазақстанның орталығындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-9-сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.

Қарағандының Білім басқармасы 14 қаңтардан бастап 0-11-сыныптың бірінші және екінші ауысым оқушыларына мектепте сабақ болмайтынын хабарлады. Оқушылар қашықтан оқуға көшті.

Қостанайда минус 23 градус аязға байланысты 0-11-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді.

Өскеменде минус 29 градус, осыған байланысты 0-4-сыныптың бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды. Одан бөлек, Шемонаиха (0-4-сыныптар) және Күршім аудандарының (0-5-сыныптар) бірінші ауысым сыныптары да қашықтан оқуға көшті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұзда да 1-4-сыныптың бірінші ауысым білім алушылары қашықтан оқиды.

Саран және Теміртау қалаларының 1-5, 9, 1 және 12-сынып оқушылары да қашықтан оқу форматына көшті.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...