12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрмыстық зорлық зомбылыққа тыйым керек

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл — қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы көкейкесті мәселеге айналып отыр. Соның дәлелі соңғы үш жылда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың саны 2,5 есеге артуы құзырлы орындардың мәселенің алдын алу үшін әрекет жасауы қажеттігін түсіндіргендей. Әлеуметтік желілерде  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ақпараттар легінің кө­бейіп кетуі де бұл мәселеге көз жұмып қарауға болмайтынын көрсетеді. 

Оның үстіне әлем елдеріндей біздің елімізде де пандемиялық жағдай тұрмыстық зорлық зомбылықты арттыра түскендіктен жедел шаралар қабылдау қажет болды. Сондықтан Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі өзінің гендерлік зомбылыққа қарсы қызметі аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға тұтас қамтитын көмек көрсету үшін қосымша орналастыру және сарапшыларды жалдау арқылы Қазақстанның сегіз өңіріндегі дағдарыс орталықтарының әлеуетін арттыра түсті. Қазіргі таңда еліміздің әр бұрышындағы дағдарыс орталықтары көмек көрсетуге толықтай дайын.

Сондай ақ заңнамалар да күшейтілу үстінде. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зом­былыққа қатысты жауапкершілік кү­шейтіл­ді. Қыл­мыстық ко­декстің 110-бабы «Қинау»  жеке айыптау ісінен жеке-көп­ші­ліктік айыптау ісіне ауыстырылды. Бұл полиция қызметкеріне отбасылық «ти­ран­ның» кінәсіне дәлел жинау құзы­ретін берді. Бұрын мұнымен зәбір көру­шінің өзі айна­лысатын. Сол сияқты осы бап­тың 2-бө­­­ліміндегі бас бостандығынан айыру мер­­­зімінің ең төменгі уақыты 3 жылдан 4 жыл­­­ға көбейтілді. От­басылық бюджетке салмақ түсетіндіктен, бұған дейінгі айыппұл салу ша­расы, ескерту беру немесе қамауға алу ша­расымен ал­мас­тырылды. Бұрын әкім­шілік өндірістің кез келген кезеңінде тату­­ласуға болатын болса, қазір тек медиа­ция­дан өткен соң ғана сотта тату­ласуға болады.

Тағы бір айта кетер жайт, бүгінде тәртіп сақшылары жәбірленушілерге 30 күнге қорғау нұсқаулығын береді. Бұрын ол тек 10 тәулікке жарамды болатын. Қорғау нұсқаулығы деп отырғанымыз – жапа шеккен адамға зорлық көрсеткен тұлға қоңырау шалып, кездесу іздеп,  мазаламауын қадағалайтын заңды құжат. Егер құқық бұзушы бұл талаптарды бұзса, заң органдары оны қамауға алуға құқылы. Дегенмен қоғамда өршіп бара жатқан баласын сабаған әке, ажырасып кеткен жұбайына зәбір көрсететін ер адамның көбеюі отбасылық зорлық зомбылықпен күрестің әлі де күшейтіле түсуін талап ететіндей.

Раисов Тимур, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

 

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...