АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА – “САМҒАУ” БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ

Атырау жастарына әлеуметтік стартаптарды бастау принциптері «Самғау» бизнес-фестивалінде үйретіледі.

16 қаңтарда Атырауда жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтуі жоспарлануда. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шара «I-SEED: инновациялар — әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында өткізілді. Фестивальді British Council «Шеврон» компаниясымен және облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды. «Самғау» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы болатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында құрылған. Табысты кәсіпкерлер мен үздік жаттықтырушылар онлайн-фестиваль қатысушыларына бюджетті минималды стартапты дамыту туралы және кәсіпкерліктің басқа аспектілері туралы айтып береді. Сонымен қатар, фестивальде Атыраудағы жас кәсіпкерлердің жетістіктері туралы «Мен өз бизнесімді 25-ке дейін аштым» деректі фильмінің премьерасы өтеді.

Фестиваль қатысушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылған Abay Oqulary поэзия байқауына, ең үздік әлеуметтік жобаны анықтайтын «StartUP жанұя» отбасылық байқауына қатысуға мүмкіндік алды. Фестивальдің қазақстандық әнші Мирас Жүгінісовтыі онлайн-концертімен аяқталады.Фестивальдің ұйымдастырушылары – British Council, «Шеврон» компаниясы және Атырау облысының әкімшілігі.

Фестивальге www.iseed.kz сайтта тіркелуге болады.

Учимся грамотно зимовать

​​​​​​​РЕЗКО-КОНТИНЕНТАЛЬНЫЙ КЛИМАТ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА ЧАСТО ПРЕПОДНОСИТ НЕПРЕДСКАЗУЕМЫЕ «СЮРПРИЗЫ»: ОБИЛЬНЫЕ...

Закон на языке школьников

​​​​​​​ЗАКОН МОЖНО ИЗУЧАТЬ ПО УЧЕБНИКАМ, А МОЖНО ПРОВЕРЯТЬ СВОИ...

Как оформить дарение квартиры: от документов до регистрации 

​​​​​​​ОТЕЦ ХОЧЕТ ПОДАРИТЬ ДОЧЕРИ КВАРТИРУ В АСТАНЕ, НО ЖИВЕТ...

Криминальный стартап Дело врачей №2

ПРЕЖДЕ ЧЕМ ПЕРЕЙТИ К ОЧЕРЕДНОЙ ИСТОРИИ МОШЕННИЧЕСТВА ВРАЧЕЙ, СДЕЛАЕМ...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...