12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚАШАН ТҰҒЫРЫНА ҚОНАДЫ?

Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Алайда әлі күнге дейін өзінің биік тұғырына шыға алмай келе жатыр. Биліктің  атқарушы, заң шығарушы органдарынан бастап, қоғамдық орындардың бәрінде көпшілік қауым әлі күнге дейін бір-бірімен орыс тілінде сөйлесіп, орыс тілінде саудаласып, орыс тілінде күнделікті қызмет түрін қолданады. Бұған біреулер қоғамда мемлекеттік тілге сұраныс та, қажеттілік де болмаған соң жағдай осындай боп тұр дейді.

Екіншілері, бірі-бірімен ана тілінде сөйлесе алмай жүрген қазақтың өзін кінәлайды. Үшіншілері, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте алмаған билікті айыптайды. Төртіншілері, қазақ тілі әдебиет пен өнерде ғана өз әлеуетін көрсете алады, ал ғылым мен өндірісте оған орын жоқ, ондағы халықаралық атаулар мен шетелдік сөздерді қазақша дәлме-дәл аудару мүмкін емес деген ойда жүр. Бесіншілері, жаһандық еңбек бөлінісінде тек шикізаттық ел ретінде қалып қойған Қазақстанда қазақ тілінің болашағы жоқ. Бүкіл әлем БҰҰ-ның халықаралық тілі саналатын ағылшын, араб, жапон, қытай, неміс, француз тілдерінде ғана бір-бірімен сөйлесіп, ғылым мен технологияның жетістігін көріп отыр. Ол болашақта тек отбасылық және ұлттық деңгейде ғана қарым-қатынас құралы боп қалады деп сәуегейлік жасап жүр.
1991–2020 жылдардағы ҚР Президентінің халыққа арнаған үндеу, мәлімдеме, бағдарлама, жолдауларының бәрінде мемлекеттік тіл туралы аз айтылған жоқ. Тіпті 2021 жылдың басында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында да Мемлекет басшысы: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті деп те айтуға болады.
Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек» деген сөзі біздегі қазіргі жағдайды айқын аңғартып отыр. Яғни мемлекеттік тілді дамыту үшін сөз емес, нақты іс керек. Бұл ең алдымен
Констиуцияның 7-бабының «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген 2-бөлігіне өзгеріс енгізу қажет. Одан кейін мұндай өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» заңның «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деген сөз 4-бабына; «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 5-бабына, «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады» деген 8-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi» деген 10-бабына, «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi» деген 11-бабына, «Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады» деген 13-бабына, «Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс» деген 18-бабына түзетулер енгізілуі тиіс. Сондай-ақ елімізде өндірілетін жаңа тауар мен қызмет түріне және түрлі техникалық жабдықтар мен құрал-саймандарға атау беруде шетел сөзін қолдануға шектеу енгізілсе де артық болмас еді. Мұндай заңдық тетікті Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Германия сәтті пайдаланудың арқасында, аз уақытта дамыған елдердің қатарына қосылғаны бізге үлгі бола алады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
«Заң газеті»

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...

Призыв к безопасности и стабильности

Казахстан активно реагирует на изменяющуюся международную обстановку, демонстрируя концептуальный подход к обеспечению безопасности своих граждан и стабильности внутренней ситуации. Эта стратегия по-прежнему остается главной целью государственной власти.

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...