Шығыс Қазақстанда пойыз 3 жылқыны қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында пойыз 3 жылқыны қағып кеткен.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 10 күнінде өңірде пойыздар 41 рет күрт тоқтады. Оның 31-інде малдың теміржолға шығып кетуі себеп болған. Барлық жағдайда Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мал иелерін анықтау үшін тиісті шараларды қабылдады.

Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Ұлан-Ново-Өскемен» станцияларының аралығында жүк пойызының жылқыларды қағып кеткені туралы хабар түскен. Соның салдарынан 3 жылқы арам өлді. Ал пойыз сол жерде 21 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал иесі табылды. 37 жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...