Семей тұрғыны автобуста 3 млн теңге салынған сөмкесін ұмытып кеткен

Семей қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға автобуста ұмытып кеткен 3 млн теңге салынған сөмкесін қайтарып берді.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қаңтарда «102» арнасына хабарласқан 38 жастағы қала тұрғыны №35 автобуста ірі көлемдегі ақша салынған қара сөмкесін ұмытып кеткенін айтқан.

«Өз сөзінде ол Водный кентіндегі аялдамадан түскенін, автобус қала бағытына кетіп қалғанын жеткізді. Көзіне жас келген әйел автобустың соңынан жүгірген. Хабар түскен соң қоғамдық тәртіпті қадағалайтын барлық полицейлер автобусты іздеуге жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай автобустың нөмірі және қайда келе жатқаны анықталған. Қоғамдық көлік «ЦУМ» маңында тоқтатылған соң полицейлер ақша салынған сөмкені тапты. Сөмке дереу жәбірленушіге қайтарылды. Барлық заттар мен ақша орнында болып шықты.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...