12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл экономика өседі – Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Руслан Дәленов атап өткендей, 2020 жылы экономика дамуының негізгі факторлары экономиканы қолдаудың ауқымды шаралары, өндіруші емес секторлардағы инвестициялық белсенділік, нақты сектордың өсуі және сауда балансының оң сальдосы, сондай-ақ экономиканы кредиттеудің ұлғаюы болды.

2020 жылдың қорытындылары ағымдағы жылғы экономикалық өсудің берік негізін қалайды, — деді министр.

Оның айтуынша, 2020 жылы нақты сектор экономикалық драйверге айналып, 2%-ті құрады. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін жыл минус 5,6%-пен аяқталғанмен, соңғы айларда динамика орныға бастаған. Нәтижесінде, ЖІӨ өсу қарқыны минус 2,6%-ті құрады. Бұл 11 айдағы динамикадан жоғары.

Нақты сектор салаларының көбі дерлік және жекелеген қызмет түрлері оң өсу қарқынын көрсетті. Олар құрылыс (11,2%-ке өсу), ақпарат және байланыс (8,6%), ауыл шаруашылығы (5,6%), өңдеу өнеркәсібі (3,9%) және білім беру (2,3%) салалары.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша, экономика құрылымының сапалы өзгеруі орын алды.

2020 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеудің үлесі 9,4 проценттік тармаққа, яғни 2019 жылғы 39,4%-тен 2020 жылы 48,8%-ке дейін артты. Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі мәнді өсуі байқалады. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды.

Өндірістің өсуінің арқасында жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 проценттік тармаққа өсті.

Электрондық сауда үлесі 6 проценттік тармаққа, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2 есеге, сондай-ақ, кен өндіруді есепке алмағанда инвестициялардың 14,8%-ке өскені байқалады.

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада күрделі ревматоидты артритпен ауыратын...

Қазақтың ақбас сиырын қайта көбейтуге кедергі жоқ

Қазақ даласында қазір сиырдың небір тұқымын кездестіруге болады. Мал...

Экономикадағы өсім: Статистикалық дектердің мәні неде?

Биыл алғашқы жеті айындаға есепті басшылыққа алсақ, ел экономикасының...

Логика реформ-4: Сильные регионы — сильная нация

Реформы в Казахстане на текущем историческом отрезке отличаются своей...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай...