Уханда ауру жұқтырғандар саны ресми деректен үш есе көп — зерттеу

Қытайда жасалған зерттеу қорытындысы Ухандағы коронавирус жұқтырғандар саны үш есе көп екенін көрсетті, — деп хабарлайды Reuters.

PLOS Neglected Tropical Diseases журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар Уханда 168 мың адам коронавирус жұқтырғанын растады. Бұл ресми деректегі 50 мыңға жуық жағдайдан үш есе артық.

Мамандар бұл деректі анықтау үшін Қытайдың әр өңірінен 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін 60 мыңнан аса дені сау адамның қанына талдау жүргізді. Олар басқа аймақтармен салыстырғанда Ухан тұрғындарының 1,68 пайызының талдауларында COVID-19 туғызатын SARS-CoV-2 антиденесі барын анықтаған.

Мамандар вирус жұқтырғандардың үштен екі бөлігі симптомсыз ауырған және клиникалық жағдайлар жойылғаннан кейін тағы мыңдаған адам жұқтырған деп отыр.

Мұндай дерекке Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) жариялаған зерттеуі де сәйкес келді. Ғалымдар құжатта Ухандағы тұрғындардың андинесін анықтап, көрсеткіші 4,43 пайыз болғанын келтірген. Зерттеушілердің айтуынша, бұл көрсеткіш қалада жарты миллионға жуық адамның вирус жұқтырғанын білдіреді.

Қазақмыс кеніштердің өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің...

№79 мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында спартакиадалық жарыс өткізілуде

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде жазасын өтеуші...

«Симфония Шакарима»

ФИЛИАЛОМ СОЮЗА СУДЕЙ ОБЛАСТИ АБАЙ СОВМЕСТНО СО СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫМ МЕЖРАЙОННЫМ...

Современные тенденции

БУКВАЛЬНО В ТЕЧЕНИЕ НЕБОЛЬШОГО ОТРЕЗКА ВРЕМЕНИ В ГОРОДЕ УРАЛЬСКЕ...