Қоғамдық жұмыстан жалтарғаны үшін 20 тәулікке темір торға тоғытылды

ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-тармағында  көзделген «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,…» қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін О. есімді азаматты   Алматы облысы, Ескелді аудандық соты 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартуға шешім шығарған еді.Тұрғылықты жері бойынша, Талдықорған қалалық пробация қызметі бөліміне есепке қойылған болатын.

Сотталушы О.есепке қойылған сәттен бастап профилактикалық жұмысқа келмеген соң,  пробация қызметкерлері Талдықорған қалалық полиция басқармасы учаскелік инспекторларымен бірлесе сотталушыны  мәжбүрлеп «Коркейту-Талдыкорган» ЖШС-не қоғамдық жұмысқа жіберген еді.Алайда, заң талабы орындалмағандықтан Талдықорған қалалық соты, пробация қызметінің ұсынысымен  жазаны қамаққа алуға ауыстырып,  сотталушы  О.   80 сағат қоғамдық жұмыстың орнына  20 тәулікке қамалды.

 «Өкінішке орай, жазаны өтеу ережелері мен тәртібін бұзуға жол бермеу үшін жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан, сотталғандар сот тағайындайтын қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтаруды жалғастыруда. Өз кезегінде, пробация қызметінің қызметкерлері заңмен көзделген талаптарды тиісті түрде орындауда», — дейді Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Жәнібек Қосжанов.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...