12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әнші Кентал өзінен 14 жас кіші, өзге ұлттың қызына үйленді

Әнші Кентал сүрбойдақтар қатарынан кетті. Кентал пандемия кезінде некелесіп, заңды түрде ерлі-зайыпты атанғанын айтты. Үйленгеніне 6 ай болған ол отбасылық қызықтарын тізіп берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды, — деп жазады shynyrau.kz

Кентал өзінен 14 жас кіші қызбен шаңырақ құрды. Өзге ұлт өкілімен қол ұстасқан өнер иесі жеке өмірі жайлы ашыла айтты. Әйелімен қалай танысқанын жеткізді.

«Жарымның есімі — Милана. Менен 14 жас кіші. Өзге ұлт өкілі. Ортақ достарымыз таныстырды. Досым өзінен біршама жас кіші қызға үйленген еді. Олардың қуанышында болдым. Сосын досымның келіншегінен сұрастыра бастадым. Өзі қатарлы жас қыз болса, үйленуге дайын екенімді айттым. Солайша Миланамен таныстым. Құрбысы таныстырды. Милана өте ұяң, өте тәрбиелі қыз. Артық жүрісі жоқ. Қыдырып көрмеген қыз. Сонысы ұнады. Үйленуге ниет білдірдім. Егер отбасылық өмірдің осыншалық керемет екенін білгенде, баяғыда үйленер едім», — деді әнші.

Милананың ұзату тойы да, үлкен той да аяқсыз қалған. Себебі екі жастың қуанышы карантинмен қатар келген еді.

«Милананың ұзату тойына дайындалып жүргенде, карантин басталып кетті. Солай той өтпеді. Үлкен тойымызды да жасамадық. Себебі тойда шектеу жасағымыз келмеді. Қонақтар санын шектегіміз келмеді. Бәрі оңалған соң ұлан-асыр той жасаймыз. Ол кезде мүмкін баламы да шауып жүрер. Әйелім жүкті. Бала күтіп жүрміз. Айы-күні жетіп отыр. Сол күндерге жетейік», — деді Кентал.

Әнші бұған дейін жары жайлы бірнеше рет айтқан еді. Ел алдында сүйіктісіне ұсынып жасап, оң жауабын алғаны есте. Кентал қалыңдығының артық жүрісі жоқ, жігітпен кездесіп көрмеген қыз екенін де айтты.

Холодный разум: миф или тренируемый навык?

ПОЧЕМУ ОДНИ В ПАНИКЕ СОВЕРШАЮТ ГЛУПОСТИ, А ДРУГИЕ В...

«Электронный друг» лечит деток с особыми потребностями

Эта история из г. Шымкента становится лучом надежды. В...

Казахстан становится страной форумов?

КАЛЕНДАРИ ЧИНОВНИКОВ, БИЗНЕСМЕНОВ, УЧЕНЫХ И ИСТЕБЛИШМЕНТА ПЕСТРЯТ МЕРОПРИЯТИЯМИ: ВСЕВОЗМОЖНЫЕ...

Тілге құрмет – елге құрмет!

         Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі...