Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Ресейлік мамандар РБК басылымына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Вакцина салдыратын адамда ЖРВИ-дің ешқандай белгісі болмауы керек: мұрыннан су ағуы, жөтел, температура, әлсіздік. Сондай-ақ, вакцинациядан бір ай бұрын созылмалы аурулары асқынбауы керек», — дейді инфекционист Евгений Тимаков.

Вирусолог, профессор Александр Чепурнов та ЖРВИ иммунитеттің уақытша төмендеуіне әкеп соғатынын айтады, сондықтан вакцинациядан бір ай бұрын суық тиіп, ауырғандарға вакцина салдырмау керегін еске салады.

«Вакцинация алдында көп мөлшерде алкоголь ішпеу керек, ауыр тамақ пен фаст-фудтан бас тарту керек. Бұдан бөлек вакцинацияға психологиялық тұрғыдан да дайын болуы керек. Науқас қатты қобалжыса, оның қан қысымы көтеріліп, салдарынан вакцинадан соң басы айналып, есінен танып қалуы мүмкін», — деп ескертеді сарапшы.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...