COVID-19: Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілді

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаун енгізілгенін жариялады, — деп хабарлайды РИА Новости

«Вирустың жаңа түрі қорқынышты жылдамдықпен тарап жатыр… үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық», — деді премьер-министр телефон арқылы сөйлеген сөзінде.

Дереккөз мәліметінше, сейсенбіден бастап ағылшын мектептері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді, тек негізгі мамандық өкілдерінің балалары (дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, курьерлер, сатушылар және т.б.) мектептерге бара алады. Аймақ тұрғындарына тек серуендеуге, дәрігерге, дүкенге баруға рұқсат етіледі.

Премьер-министрдің айтуынша, локдаунның аяқталу мерзімі инфекцияның таралу қарқынына байланысты. Еске салайық, дүйсенбіде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны пандемия басталғалы рекорд көрсеткіш орнатты — 58 784 науқас тіркелді.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...