Детектив шығармалар байқауы мәресіне жетті

Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан «Заңмедиа» корпорациясы биыл үшінші жыл қатарынан детектив шығармалар байқауын өткізуде. Биыл байқауға белгілі меценат Бағдат Мәнізоров демеушілік жасап, «Заң» және «Юридическая» газеттерінің оқырмандары шытырман оқиғаға толы, байқау қоржынына келіп түскен үш жүздей шығарманы қызыға оқыды. Детективтің атасы Кемел Тоқаев атындағы бұл байқаудың жыл өткен сайын жүлде қоры да, байқау қоржынына келіп түсетін шығармалардың сапасы да артып келеді.

Байқау мәресіне жетіп, Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының  бас жүлдесін Нұрбол Әлдібаевтың «Құдықтағы мәйіт» деген шығармасы иемденіп, 1 миллион теңгені қанжығасына байлады.

Бірінші орынға екі шығарма лайық деп танылды. Серік Әбікеннің «Сөнген шырақ» пен Ерлан Калиевтің «Овична без выделки» әңгімелері 500 мың теңгеден иеленді.

Қанағат Әбілқайырдың «Ескі құдығы» мен Нұршат Өтеулиеваның «Жазықсыз жазықтысы» 2-орынмен  200 мың теңгеден алса,

3-орынға үш шығарма лайықты болып, Алма Түсіпбекованың «Тозақ оты», Роман Сакненің «Сбежавшее счастье», Темірлан Есеркептің «Үміт пен үкім» әңгімелері 100 мың теңгеден алды.

Сондай-ақ қосымша бес шығарма ынталандыру мақсатында 50 мың теңгеден бөлісті.

Олар Мұрат Мұқаш «Себепсіз нәрсе болмайды», Айжан Қабдыр «Роковая ошибка киллера», Берік Керуенбаев «Жайқалған жауқазын», Дәнеш Асқарбекұлы «Дос пен қастың арасы», Тотай Ерімбетов «Қызыл кірпіштің құпиясы» шығармалары. Жүлде алған шығармаларды «Заңмедиа» корпорациясының Zanmedia.kz сайтынан оқып таныса аласыздар.

Елімізде кенже қалған детективт жанрының өркендеуіне өзінше үлес қосып келе жатқан «Заңмедиа» корпорациясына жақсы іс жалғасын таба берсін дейміз!

Ветеринарлардың жалақысы көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техпаспорт енді тек онлайн рәсімделеді 

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын eGov mobile қосымшасы арқылы да алуға болады.

Шекараны жабу Эболадан қорғамайды – ДДСҰ басшысы 

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус елге кіруге қойылатын шектеулер инфекцияның таралуын уақытша ғана баяулатуы мүмкін екенін айтты.

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды 

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім қаза тапты. 

Қазақстанда биология пәні мұғалімдеріне қатысты өзгеріс енгізілуі мүмкін 

Депутат Ирина Смирнова мектептерде биология сағатын көбейтіп, жыныстық тәрбие мен практикалық сабақтарды күшейтуді ұсынды.