12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан неге осы парламент сайлауына бұрынғыдан үш есе көп қаржы жұмсамақ?

Осы жолы өткізілетін парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова 2016 жылы парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауын ұйымдастыруға, өткізуге жұмсалатын шығыстар 6,8 млрд теңгені құрағанын еске алды.

Ал осы жолғы сайлауға жұмсалатын шығындардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2020 жылға 10,8 млрд теңге, 2021 жылға 4,5 млрд теңге жоспарланған.

«Бірінші кезекте, шығыстар көлемінің өсуі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың ұлғаюына әсер еткен жалақының ең төменгі мөлшерінің артуымен байланысты. Қазақстан Республикасы сайлау туралы конституциялық заңның 20-бабы 10-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау кезінде сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді. Бұл ретте нақты жалақы комиссия мүшесінің жұмысын есепке алу табеліне сәйкес жүргізілетін болады», — дейді Ғалымова.

2016 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 22 859 теңгені құрады. 2020 жылға арналған жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге . Осылайша ең төменгі жалақының өсуі шамамен екі есеге артқан. «Екіншіден, халықтың табиғи өсуіне байланысты жаңадан құрылған 86 сайлау учаскесіне, жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы 600-ден астам мүшеге жұмсалатын шығындар ұлғайды. Бұл ретте сайлаушылар тізілімі 2016 жылы —  9 791 163 адам, ал 2020 жылғы 1 желтоқсанға — 11 919 241 адам. Үшіншіден, тауарлар жұмыстар және қызметтер бағасының құнсыздануы, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығыстар, оның ішінде жеке қорғану құралдар шығындардың өсуінің негізгі факторы болып табылады», — дейді орталық сайлау комиссиясының басшысы Ғалымова.

Осы біріккен компания шығындарының болжамды сметасында шығыстардың негізгі үлесі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге — 11,1 млрд. теңге немесе 70% жоспарланған.

Шығыстардың қалғаны 27%-ы сайлау комиссияларын ұйымдастыру шығындарына және сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге жұмсалады.

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің төменгі палатасының сайлауы туралы айтты. Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділетті болатынына ниетті екенін жеткізген.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...