Ал біз басымызды имейтін, тәкәппар сіңір кедейміз

Алматының бір кафесіне бардым. Ет пен пюреге тапсырыс беріп едім, еті ертерек келді де, пюресі кешікті. Пюрені күтпей етті жеп тауысқанда пюре келді. Жымидым да, пюрені жемедім. Я же өзімше гордый ))
Ақшасын төлеп, шығып бара жатқанда, кафенің администраторы «Аға, Сізге барлығы ұнады ма?» деп қолын кеудесіне қойып, ИІЛІП сұрады … Мен сіңірлігін білдірмейтін Сіңірмін ғой, бірақ өзімше керіліп: «Сервис ұнамады, пюреден етің ерте келеді екен» деп білгішсініп ақыл айттым. Администратор жігіт қолын кеудесіне қойып, одан да төмен ИІЛІП: «Аға! Кешіріңіз, енді қайталанбайды!» деді.
Кафенің администраторы екі рет иілген соң, не дейсің? Талтаң-талтаң етіп кетіп бара жатып, артыма бір қарап едім, жаңағы администратор жігіт өзінің Lexus LX570 көлігіне отырып, кетіп бара жатқанын көріп қалдым. Мен гордый сіңір жаяумын.
Сонда менің түсінгенім, пысықтар керек жерде иіліп, керек жерде кешірім сұрап, керек жерде ұтылуға да даяр. Нәтижесінде олар байиды. Ал біз басымызды имейтін, тәкәппар сіңір кедейміз.
Самат Нұртаза
Фейсбуктегі парақшасынан

Арычный цейтнот

В ЭТИ ДНИ КИПИТ НЕ ТОЛЬКО ПОГОДА. В АЛМАТЫ...

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.