12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҢДАУЛЫ ТҰЛҒА

2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды. Нәтижесінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Мұндай мерекені атап өту әлемнің бірқатар елдерінде де бар.

Әлемнің бірнеше елінде бұрынғы және қазіргі мемлекет басшыларының құрметіне орай тойланатын аталмыш мереке әртүрлі форматта аталып өтеді. Бірі бұл күні сарғылт түсті киім кисе, бірі ел басшыларының портретін іліп, халықтық серуенге шығады. Ал елімізде ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өту – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегі мен жетістігін тану мақсатында ұйымдастырылған. Бұл күні Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі туралы баяндайтын дәрістер, концерттер, көрмелер мен конференциялар және тағы басқа салтанатты іс-шаралар өтеді. Әңгімемізді арыдан емес, жақын тұрған көршімізден бастайық. Мысалы, көрші Ресей елінде салтанатты түрде «Президент күні» мерекесі тіркелмеген. Қырғызстанның күнтізбесінде небәрі 12 арнайы мереке бар болса, оның ішінде «Президент күні» жоқ. Өзбек елінде де «Президент күні» деген мереке тойланбайды. Халқы ең көп саналатын Қытай жерінде де «Президент күні» мерекесі аталынбайтын болып шықты. Сонда бұндай мереке қай мемлекеттерде атап өтіледі? Американдықтар ақпанның үшінші дүйсенбісінде тұңғыш Президент Джордж Вашингтонның құрметіне белгіленген «Президент күнін» атап өтеді. Ал Исландияда «Президент күні» 14 мамырда дүниеге келген Исландияның бесінші Президенті Олавур Рагнар Гримссонның құрметіне бекітілген. Бұл күні Исландияда мемлекеттік ту көтеріліп, әртүрлі көңіл көтеру шаралары мен халықтық шеру ұйымдастырылады.
Нидерланды мемлекетінде ұлттық мейрам «Патша күні» Виллем Александрдың туған күні, яғни 27 сәуірде аталып өтеді. Осы күні голландтықтар Оран әулетінен келе жатқан сарғылт түсті киім киеді және қалаларда әртүрлі жанрдағы музыкалық концерттер болады. Ал Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның құрметіне 2016 жылы 15 сәуірде Тәжікстан Парламентінің төменгі палатасы 16 қарашаны «Президент күні» деп бекітті. Парламент бұл шешімді жеке тұлғаны дәріптеу емес, қосымша шығынды қажет етпейтін мейрам екенін айтқан. Бұл күні Эмомали Рахмонның қайраткерлігін дәріптейтін кітапхана, көрме залдары мен білім беру мекемелерінде тақырыптық шаралар өтеді. Тәжікстан көшелері мен алаңдары «Біздің Президент – біздің лидер» деген жазуы бар Э. Рахмонның үлкен портреттерімен безендіріледі. Түрікменстан халқы тұңғыш Президенті С. Ниязовтың құрметіне 1997 жылдың 19 ақпанынан бастап, «Ұлттық ту» күнін атап өтеді. Түрікменстандағы бір қала, жүздеген кәсіпорын мен ұйым С.Ниязовтың есімімен аталады.
Ғасырлар тоғысып, заман алмасқанымен бір-ақ нәрсе өзгермейді. Ол халықтың басшыға деген ықыласы мен көңілі. Мәселен, Түркия елінде арнайы Президент күні белгіленбесе де, 1938 жылдан бері 10 қараша «Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу күні» болып есептеледі. Себебі дәл осы күні Түрік Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемаль мәңгі ұйқыға кеткен. Сол уақыттан бері осы күні, таңғы сағат 9-дан 5 минут кеткенде бір минут үнсіздік жарияланады екен. Қалай десек те, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жержаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналып, татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жасап келе жатыр.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.