«Ол үйінен сағат 6:30-да шығып, таңғы жүгіру мен дене жаттығуларын жасауға кіріседі. 200 метрден соң оңға қарай бұрылады, саябаққа 20 минутта жетеді. Онда кардио жасап, сағат 7:10- да үйіне оралады». Лия өзінің ішкі ойын біреу естіп тұрғандай селк ете түсті. «Сағат 7:45-те үйінен шығып мектепке барады. Сабағы біте салысымен не футбол алаңына, не жақын маңайдағы «MОOOD» кафесіне соғады. Онда ол ғашығы Араймен кездеседі. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 18:00- ден 20:00 аралығында Аспан жаттығу алаңында. Ол қаламыздың футбол құрама командасының мүшесі. Сейсенбі, бейсенбі күндері 18:00-20:00-ге дейін бассейнге барады». Осындай жазулармен Лияның 21-ші жазба дәптері толды. Қоңырау безілдей жөнелді: таңғы 06:10.
Жатақханадағы қыздар бөлмесінен тағы да шу шықты. Жұрттан бөлініп, өзімен өзі, томаға тұйық жүретін Лияға қыздар бүгін тағы қысым көрсетті. Қасындағы қыздардың бірі бұл кері бұрылып бөлмеден қашып шықпаққа ұмтылғанда алдын кес-кестеді.
– Тоқта! Қайда бара жатырсың? Аспанның артынан аңдымақсың ба тағы? Біреудің басқан ізін аңду намыс емес пе? Оның жеке өмірінде нең бар, қызынан қызғанып ішің күйіп бара ма? Сен оған тең емессің ғой. Аспанға ізінен қалмай жүргеніңді айтайық па, а?!
– Жооооқ, өтінемін, тек оған айтпашы, жалынамын. Ол ештеңе білмесінші, жалынамын! Лияның ашуға булыққан дәрменсіз жүзін көзінен аққан жасы жуып кетті.
– Ууууух, Лияның жалынғаны жақсы. Тағы да жалына түс. Аяқ киімімді сүйіп, оны киіміңмен сүрт! Сонда ғана оған ештеңе айтпаймыз. Лияның қорқынышы да осы еді. Аспанның артынан еріп таңатқаннан салпаңдап жүргенін, қыздар көріп қалып, бүкіл мектепке жайса, елге мазақ күлкі болады, әрі бұлар оны одан әрі бопсалай береді. Ең бастысы ол емес, бұны Аспан естісе не болам, маған жиіркене қарап, мені есі дұрыс емес қызға санайды ғой. Жоқ, Аспанның наласына қалғанша мына оңбаған қыздардың бар талабына көнейін. Сабақ уақыты жақындағанда Лия өзінің күнделікті жеріне келіп, Аспанның шыққанын күтіп тұр. Оның уақыттан кешікпей жүретінін әбден зерттеп алған. Міне, сүйіктісі көрінді. Қасында көңілі қалаған қызы. Арайымен қол ұстасып алыстан аяңдап өте шықты. Әдеттегідей екі ғашық «Алғашқы махаббат» кафесіне кірді. Атын да тауып-ақ қойған кафе екен. Тек ең өкініштісі Лия өзінің алғашқы махаббатымен қол ұстасып бұл кафенің төрінде отыра алмайтыны. Сабақтан қалып бара жатса да Лия қос ғашықпен кафеден қатар шықпақ болды. Қою латтені сүйсіне сіміргендей болып, кафенің алыс бір бұрышынан Аспанына қадала қарайды. Неткен алаңсыз жандар. Бір-біріне шаттана, шабыттана қарайды. Бақыттан бастары айнала жымиысады. Лия да қалысар емес. Бар ашуын да, махаббатын да қолындағы жаңа басталған күнделікке бұрқыратып жазып жатыр. Аспанның күлгенін, не ішіп, не жегенін, алдындағы ұсқынсыз Арайына неге сонша мейірленетінін қаламмен қағазға ақтарып жатыр, ақтарып жатыр. Кафе қожайыны да осында істейді. Есімі Мақпал. Өте сыпайы, 30-35 жастағы әйел. Келген қонақтар оны үнемі мақтап кетеді. Оқушылар да ерекше жақсы көреді. Бұл жұмыс оған шынымен де ләззат сыйлайтындай. Бүгін Лияға кофені өзі тасып жүр. Кезекті кофесін алып кеп тұрып, сәл бөгелді де, әдемі жымиысымен:
– Кешіріңіз, сіз біздің кафеміздің тұрақты қонағысыз, үнемі бір затқа тапсырыс беріп, бірдеңе жазып отырасыз, біз туралы кітап жазып жүрген жоқсыз ба?
– А, жоқ, бұл жеке жазбалар, – деді Лия.
– А, солай ма, мазаңызды алсам кешіріңіз! Кафе қожайыны ырғала басып алыстай берді. Бұл қыз құдды есінен алжасқандай? Аспанның осы мектепке ауысып келген сәтінен бастан «басын» жоғалтты. Содан бері Лияның таңы елден ерен көркі бар, сымбатты жігітпен атып, кеші осы жігітпен батады. Кафе қожайыны алып ұшқан жас қыздың ойын әу бастан ұққандай. Көптен бақылап жүр. Арай мен Аспан қол ұстасқан күйі кафеден шықты. Ғашықтардың артын ала орнынан көтеріле берген мұны кафе қожайыны бөгеді:
– Сіздің жазбаңыздың сырын ұққандаймын. Жауапсыз махаббат! Ғашық адамдарды аңдыған ұят, бұл әдетіңізді қойыңыз!
– Жоқ, сіз не туралы айтып тұрсыз?,
– деп Лия сасқалақтап қалды.
– Көздеріңіз ештеңені жасыра алмайды. Өтінемін, бұл әдеттен аулақ болыңыз. Мұның арты жақсы болмайды!
– Сіз не деп кеттіңіз? Қайдағыны айтпаңыз. Сөзіңізді ұғып тұрғам жоқ. Лия асығып тұрса да әдеп сақтап сәл бөгелді.
– Менде де дәл осындай жағдай болып еді. Өтінемін, егер сізге көмек керек болса немесе сіз бұл жағдайды өзгерткіңіз келсе, маған келіңіз. Мен сізге әрқашан көмектесуге дайынмын. Бұл сөздерді естіген Лияның екі беті дуылдап қоя берді. Төмен қараған күйі кафеден атып шықты. Айналаға ашулана көз тастады. Аспан мен Арай ұзап кетіпті. Сабағы жайына қалды. Бойын кернеген ашудың қалыбына сыймай жүгіріп келеді. Мұның тұтыққан жүзін байқаған жүргіншілер де осы жаққа жалтақ-жалтақ қарайлап ұзап барады. «Екеуі қайда баруы мүмкін? Футбол алаңына Арайдың барғанын көрген емеспін. Аспан жиі оңашаланатын ағаш үйіне барды ма екен? Мүмкін емес. Ол оның оңашалана барып ап кітап оқитын, таза ауаны құшырлана иіскеп өмірдің тыныштығын сезінетін жері емес пе. Оған неге мына қызды апарады?!». Лия Аспанның көл жағалауындағы адамдар сирек қатынайтын жерге ара тұра барып демалып қайтатынын да біледі. Қазіргі ойша болжап тұрғаны да сол ара. Аспан мен Арайдың бір-бірімен ессіз мейірлене, өбісіп отырған сәтін көру Лия үшін соншалықты азапты ауыр болды. Екі көзінен жас парлап кері жүгірді. Іші күйіп ерекше бір ашу-ыза буып барады. Қыстыға жылап келеді. Қанша жер жүргені белгісіз, бағанағы өзіне ерекше елжіреген Мақпалға қалай жетіп келгенін өзі де сезбеді. Қысылғанда жанына жұбату сөз айта алатын адам осы кісі секілді көрінді. Келе өксігін баса алмаған күйі, Мақпалға барын ақтарды. Өзіне көмектесуін өтінді. Аспанды айналдырудың жолын айт деді. Сүйгеніне қол жеткізу үшін неге де болса баратынын айтты. Арайды жолынан аластап беруін өтінді. Мақпал ханымның тағдыры өзіне ұқсас боп шықты. Ол да бір жігітке ессіз ғашық боп сүйгеніне қол жеткізе алмай кетіпті. Бірақ жігітіне ол өз сезімін жеткізе алғанын айтты. Бұл Лияға қанат бітіргендей. Қашанғы бұлай жан азабына шыдап сырттай ғашық боп шерменде болып өтпек. Бір көргеннен ежелгі сырлас адамдардай болған екеуі дәл осы кездесуде Аспанның бүкіл әлемін ақтарды. Лия өзінің оны қанша уақыттан бері бақылап жүргенін, ол қайда барып, күніне қанша шақырым жүгіретінін, немен тыныстап немен қоректенетініне дейін жайып салды. Өзінің неше уақыттан бері шерменде болып жүргенін, ғашығын алыстан аңсап ауруға айналып бара жатқанын да жасырмады.
Таңғы сағат 6:30. Лия Мақпал ханымның кеңесімен таңғы жүгіруге шықты. Аспан да күндегі әдетінен жаңылған жоқ. Жүгіру алаңына қиғаштап қосылған ол байқаусызда Лияға соғылды. Қыздың күткені де осы болатын. Иығын ауырсынғандай қисая кетті:
– Сәлем! Кешір, бір жерің ауырып қалды ма, байқамай қалдым.
– Жо-жоқ, ештеңе етпейді. Бәрі дұрыс.
– Менің есімім – Аспан.
– Мен Лиямын.
– Біз бір мектепте оқитын сияқтымыз, солай ма? Бір екі рет байқап қалдым, осы ауданда тұрасың ба?
– А? Иә, иә осы жақын жерде тұрамын. Қызық, ал мен сені байқамаппын, бірінші рет көріп тұрмын, – деді Лия.
– Жақсы, көріскенше. Тағы да кешірім өтінем, көрмей қалдым, – деп Аспан асығыс жүгіріп кетті. Лия тілін жұтып қойғандай. Өзі аңсаған адамы қасына келіп, бұған тіке тіл қатты, тіпті қолынан сүйеп тұрғызып иығын ақырын қақты. «Бақытты бола салу бір сәтте екен-ау». Өңі мен түсіне қимайтын кездесу. Тек өте қысқа өтті. Бұны енді қайтсем де баянды етуім керек деді ол. Мақпалға болған жақсы жаңалығын жыр ғып айтты.
– Мінекей, жарайсың. Мен саған айттым ғой, бәрі тек сенің өз қолыңда.
– Сіз маған енді оны өзіме қаратуға көмектесіңіз өтінемін
– Лияжан, бұл өтінішің орынсыз. Мен саған сырттай тілектеспін, ары қарайғы мәселе сенің жеке шаруаң. Оған мен араласа алмаймын. Сосын оны күні түні аңдығаныңды қой, ертең өзі де байқап қалса ұят болады.
– Жоқ! Мақпал ханым сіз мені түсінесіз деп ойлап ем, мені орта жолда тастап кеткелі отырсыз. Мен оны өлердей
– 6 наурыз бен 8 наурыз аралығында сіз Тілекұлы Аспанды көрдіңіз ба?
– Жоқ.
– Сенімдісіз бе?
– Иә.
– Сіз Тілекұлы Аспанды не үшін аңдыдыңыз?
– Сұрақты қайталайын ба?
– Бұны қайдан шығардыңыз?
– Сондай ақпарат бар
– Жоқ, мен оны аңдымадым және оның қайда екенін де білмеймін. Бірнеше күннен бері сырқаттанып жүр ем, қайта берсем бола ма? Полиция қызметкерлері ешқандай айғақ, дәлел болмағандықтан күдіктіге ешқайда кетпеуін ескертіп қоя берді. Жасөспірім қыздардың айтқан сөздері бұл қызға деген қысастықтан да айтылуы мүмкін. Полиция бөліміне қоңырау соғылды. «Абайбекұлы көшесі, №46 үйден бір қыздың жанұшыра шыңғырған дауысы естілді. Төбелес болып жатқан секілді. Тезірек келіңіздер!». Жедел топ көрсетілген мекенжайға құстай ұшты. Сыртқы есік ашық қапты. Полиция дереу бөлмелерге бөлінді. Түпкі бөлмеге өткенде қолы қанға малынған Лия өң мен түстің ортасындағыдай кейіпте мәңгірген қалпында отыр еді.
– Сізбен бұндай қайғылы жағдайда кездескеніміз өкінішті, Асхат Лия. Алдыңғы жолы бар білетініңізді айта салуыңыз керек еді. Осы жолы енді жазаңыз да жеңіл болайын деп тұрған жоқ. Екі адам өмірін қию, кемі 25 жыл. Сіз мені түсініп отырсыз ба? Егер тергеу жұмысына көмектессеңіз мүмкін одан сәл азырақ уақыт алатын шығарсыз.
– 2 адам емес, 1 адамды өлтірдім, мен өш алдым.
– Үйден 2 адамның мәйіті шықты. Сіз солардың жанында отырдыңыз.
– «Аспанды өлтірді. Ол оны менен тартып алды. Ол Аспанды өлтірді», – осы сөздерді тоқтаусыз қайталай берген күдіктінің ахуалын тергеуші түсінгендей. Бірақ қызғаныштың қызыл иті екі адамның бірдей өмірін қиюға мәжбүрледі. Ең өкініштісі осы. Тергеу үстеліндегі қыздан енді мардымды жауап шықпайтынын ұққан тергеуші бірден жүйке жүйесін қадағалайтын дәрігерлерді шақырды. Дәрігерлердің қадағалауында отырып та Лия өзіне бірнеше мәрте қол жұмсамаққа ұмтылған. Қатаң бақылау оған мүмкіндік бермеді. Сот үкімі бойынша Лия психикалық ауытқуы бар адамдарды емдейтін ауруханаға жатқызылды. сүйемін. Ал анау Арайды көрсем жыным ұстайды. Одан қалай құтылам? Аспан менікі болуы керек. Ол не менімен ғана болады, не ешкімге бұйырмайды!
– Қызым-ау, ол зат емес қой біреуге бұйыратын, немесе сатып, не тартып алатын.
– Сіз көмектеспесеңіз, өзім-ақ әрекет етем, қош болыңыз, – деп Лия кафе есігін тарс жауып шығып кетті. Бір апта зымырап өте шықты. Лияның бақыттан басы айналып жүр. Аспан оны мектепте көрген жерде амандасып, кейде тіпті бірге түстеніп те жүрді. Сүйіктісінің қасында болудың, оның күлгенін, сөйлегенін тамашалаудың айрықша бақыт екенін сезіне бастаған Лия, Аспанның жүрегін түпкілікті жаулауға кіріспекке бекіді. «Құрметті мектеп оқушылары! Соңғы күндері Тілекұлы Аспанды көргендерің болса, дереу директордың кабинетіне келуді өтінемін» деген хабарландыру бірінші сабақта бүкіл мектепті шулатты. Қандай жағдай болғанын ешкім түсінбеді. Дүрліккен мектеп оқушыларының ұққаны, Аспанның ата-анасының ұлдарын екі күннен бері іздеп жатқаны ғана. Үшінші күні мектеп директорының кабинетіне Лияны мазақтайтын қыздар кірді. Артынша Лия полиция бөлімшесіне шақырылды. Сіз Асхат Лиясыз ба?
– Иә.
– Сіз Тілекұлы Аспанды танисыз ба?
– Иә, танимын.
– Жақын араластыңыз ба?
– Біз бір мектепте оқимыз.
Ақиқаттың азабы…
Лия әдеттегідей Аспанды алыстан бақылау үшін сыртқа 6:20 шықты. Ол 6:30-да жүгіруі керекті. 20 минут өтті, жоқ. Тағы 15 минут өтті, жоқ. Лия Аспанды ойлап алаңдай бастады. Күні бойы оны іздеумен жүрді. Ол баратын жерлердің бәрін қарады. Мектеп, футбол алаңы, кафе, жаттығу залы, тіпті Арайдың үйінің маңайын ұзақ уақыт айнала жүрді. Бірақ Аспанды сол күйі таппады. Келесі күні де Аспанды іздеді. Құдды бір жерге кіріп кеткендей, ізім ғайып жоқ. Кімге шағынарын білмей шаршаған ол Мақпал ханымға келіп, Аспанның дерегін сұраған. Байыппен келіп оған кофе ұсынған кафе қожайыны Аспан үйінде ауырып жатқан болар деп Лияны жұбатты. Келсе міндетті түрде бір хабарын берерін айтып жылы қоштасты. Лия сол күні кафеге бір емес бірнеше мәрте соқты. Ертесі тағы келді. Ертесі ертемен кафеге келген ол аяқ астынан есін жиғандай болды. Сүйікті Аспанының әтірі. Неше уақыттан бері басын айналдыратын әдемі хош иісті әтір лебін қалай ұмытсын. Ол оны ешкімнің әтірімен шатастырмайды. Ол тіпті мүмкін емес. Иіс Мақпалдан шығатын сияқты. Мүмкін емес деп басын сілки есін жиған Лия кафе ханымына түсініксіз таңданыспен қарады. Түсініксіз сезімде кафеден шығып кеткен ол Мақпал ханымның жұмыстан қайтуын күтті. Артынан білдірмей аңди жүріп үйіне жетті. Жан жағына алақтай қарап үйіне кіріп кеткен әйелдің әр терезесінен бір сығалай жүріп, Лия ашық тұрған саңылаудан ішке үңілді. Бөлме іші ыбырсып жатқандай. Кенет ол Аспанның аппақ кроссовкиінің бір данасын көзі шалып қалды. Есі шыға кері шегінді. Енді бір сәт ол тас бекініп, ауладан қолына түскен күректі алып ішке ұмтылды. Есікті дамылсыз ұрған Лияға Мақпал еріне есік ашты.
– Лия, сен мұнда не істеп жүрсің? Неге келдің?
– Аспан осында ма?
– Есіңнен адастың ба, бір хабары болса айтам дедім ғой. Көргем жоқ, білмеймін.
– Соңғы рет сұраймын, Аспан қайда?
– Лия, білмеймін. Кет бұл жерден ашуымды келтірме! Дереу тайып тұр! Лия қолындағы күрекпен Мақпал ханымның басынан бір-ақ ұрды. Ол есінен тана құлады. Шалқалай құлаған оны Лия сүйрелей ішке кіргізді де, арқанмен үстелге байлап тастады. Өзі жанұшыра Аспанды іздеді. Бүкіл бөлмелерді аралады, алайда оны таба алмады. Ас бөлмеге кіргенде оның шеткі бұрышында тұрған жертөле есігіне көзі түсті. Есігін жоғары тартып, астыға баспалдақпен түсе бергені сол еді, Лияның шыңғырған дауысы шықты…
– Аспан, Аспан өтінемін көзіңді ашшы, Аспан өтінем. Аспан, өтінемін, мені тастамашы, Аспан. А-а-а-а-а-а-а-аа-а-а-а-а-а-а-а-а-а-а-а-а-а-а.
– Лия, Лия ол сендік емес, ол тек қана менікі, аха-ха-ха,– деген дауыс естілді жоғарыдан. Лия дереу жоғары ұмтылды:
– Аспан саған не істеді жауыз. Оны неге өлтірдің?
– Сенің о да не ақың бар?! Ол Аспан емес. Ол – Арман ғой.
– Не оттап отырсың оңбаған?, – деп Лия жанұшыра айғайлады.
– Ей, бейшара, Бұл – Арман, қайдағы Аспан. Бұл менің махаббатым. Аспанды Мақпал осылай өлтірді. Шүңірейген көздері, шығыңқы жағы, келбетті бет пішіні, қою қара шаштары, тіпті дене бітімі де Мақпалдың есіне өзінің алғашқы махаббаты Арманды алғашқы көргенде-ақ түсірген. Мақпал осыдан біраз жылдар бұрын Арман есімді жас жігітті жауапсыз махаббаты үшін өлтірген. 10 жылын өтеп шығып жаңа өмірі басталған тұста ескі жара қайта тырналды. Мақпал Аспанға да бұрынғы жігітіне бергендей шәйіне дәрі қосып беріп ұйықтатты. Есін жиғанда аяқ қолын байлап әбден қинады. Жауапсыз махаббаты үшін осындай әрекетке баратындығын да ашық айтты. Тырналған ескі жара Мақпалға Аспан болып қайта оралды. Ақылынан алжаса бастаған Мақпал да Аспанды өзінің жары болуға қинап қолына неке сақинасын тақты. Тіпті оны қылқындырып өлтіргеннен кейін де жертөледе аялап ұстамаққа бекіген, бұл жолы оған Лия кедергі келтірді…
Лазиза ЖАПАН
[ratings]