12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мобильді азаматтар базасында тез тіркелу жолы мен оның қаншалықты ыңғайлылығы туралы

1️⃣ Егер сізде ЭЦҚ болмаса:
— egov.kz сайтына кіріп, ондағы «ВИРТУАЛДЫ АССИСТЕНТ» түймесін басыңыз. Ол сайттың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.
— әрі қарай «ҚОҢЫРАУ» — «ХҚКО» — «БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ» түймесін рет-ретімен басыңыз.

?Осылайша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін оператормен байланыса аласыз. Оған өзіңіздің жеке куәлігіңізді, ЖСН, телефон нөмірін және сізге жіберілетін СМС-құпиясөзді көрсетесіз. Бар болғаны осы. Сіз базаға тіркелдіңіз.

2️⃣Егер сізде ЭЦҚ болса (онда тіптен оңай)
— egov.kz. сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріп, ұялы телефоныңыздың нөмірін тиісті бағанға жазыңыз.
— өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қойыңыз.

МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫНА НЕ ҮШІН ТІРКЕЛУ КЕРЕК?
✔️ тіркелгеннен кейін сіз ЭЦҚ-ны пайдаланбай-ақ 90-ға жуық мемлекеттік қызметті онлайн ала аласыз.
✔️ өзіңізге қажетті анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ала аласыз
✔️құжаттарыңызды қолдану мерзімінің аяқталуы туралы сізге хабарлама жіберіледі
✔️ құжаттар мен анықтамалардың дайын екені туралы СМС-хабарлама жіберіледі

Қақпа алдындағы кездесу

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2024 жылы 14 қараша ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...

Сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысы

Мінекей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30...

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне...