12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МЕМЛЕКЕТ ТҮЗЕЛУГЕ НИЕТТІ АДАМҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

Бұған дейін рақымшылық актісі Қазақстанда бірнеше рет қолданылған. Ал соңғы рет елімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды.
Соған сәйкес 28 мыңға жуық сотталғандарға рақымшылық жасалу қарастырылып, түрмеде жазасын өтеп жатқан шамамен 1800 адам бостандыққа шықты. Сондай-ақ, 5000 сотталушының жазасын өтеу уақыты қысқартылды. Аз сан емес, әрине. Алайда қылмыс жасағандардың жазасын кешіру қаншалықты дұрыс? Рақымшылық жариялау тәжірибесін әлемнің көптеген мемлекеттері де қолданып жүр. Мысалы, Ресейде осы күнге дейін 20-ға жуық, Бела­русь елінде 14 рет рақымшылық жасалыпты. Ал Украина мен Қырғызстанда мұндай акт жыл сайын жарияланса, Латын Америкасы елдерінде рақымшылық тек саяси қылмыстар бойынша сотталғандарға ғана жасалады екен. Демек, рақымшылық жасау – дүниежүзілік тәжірибе. Айырмашылығы қолдану аясында болып отыр. Мәселен, бір елде рақымшылық жасаудың мақсаты – түрмеде отырғандар санын азайту болса, екіншісінде, белгілі бір саяси мәселелерді шешу, қарулы қақтығыстарды тоқтату мақсатында қолданылады екен. Біздің елімізде ҚР Конституциясының 44-бабына сәйкес, азаматтарға рақымшылық жасауды Президент жүзеге асырады. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін.
Рақымшылық жасауға бірінші қадам – өтінішхат жазудан басталады. Өтінішхатты сотталған азаматтың туыстары, еңбек ұжымдары, түзеу мекемесінің әкімшілігі жаза алады. Ары қарай рақымшылық жасау туралы шешім қабылданады. Яғни, жазылған өтінішхат пен жинақталған барлық құжаттар Президент Аппаратына жолданады. Ал кей жағдайда Президент сотталған азамат не оның туыстары мен жақындары өтінішхат жолдамаса да рақымшылық жасауы мүмкін. Бұл ҚР рақымшылық жасау жөніндегі Президенттік комиссия туралы қағиданың 3-тармағында: «ҚР Президенті өзінің қалауымен сотталған азаматқа не жазасын өтеуші тұлғаға рақымшылық жасай алады», – деп жазылған.
Жалпы алғанда, елімізде 30 жыл ішінде 10 рет рақымшылық жарияланыпты. Бір қызығы арасында рақымшылық жасалған айтулы жағдайлар да бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлық үшін 7 жылға сотталған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. 2012 жылы рақымшылыққа ілігіп, оның жазасын өтеу мерзімі 2 жылға қысқартылған. Ал 2018 жылдың мамыр айында конфессия аралық алауыздық туғызғаны үшін сотталған «Иегова куәгерлері» аталатын діни ұйым жақтаушыларының бірі Теймур Ахмедовке де рақымшылық
жасалынып, ол қамаудан босатылды. Тіпті одан сотталғандығы да алынып тасталыныпты. 2002 жылы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін 6 жылға сотталған БТА банкі директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов те 2003 жылы рақымшылыққа іліккен. Ол бостандыққа «саясатпен айналыспаймын» деген уәдесімен шыққан еді. Бірақ бұл жолғы рақымшылық бұрынғыдан өзгерек. Өйткені Мемлекет басшысы жалпы, мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатындығы туралы айтты. Демек, мемлекет бюджетіне қол сұғып, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіріп, мемлекетке қауіп төндіргендерге жеңілдік берілмеуі мүмкін. Не десек те, рақымшылық – адамдарға мемлекет тарапынан сенім білдіру, олардың қайтадан толыққанды қоғамға оралуына жағдай туғызумен қатар, өмірде аяғын шалыс басқан адамдар үшін, қайтадан дұрыс жолға түсуіне септігін тигізетін ізгілікті қадам.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.