Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Министрліктің дерегінше, Қазақстанда фармацевтикалық өнім экспортының көлемі артып, саладағы инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Отандық фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігі көршілес мемлекеттерге жеткізіледі.

Сонымен қатар экспорт географиясын одан әрі кеңейтуге, оның ішінде Ауғанстан нарығына шығуға әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов «Kazakhstan–Afghanistan: Partnership for Health 2026» атты алғашқы Қазақстан–Ауғанстан медициналық бизнес-форумында мәлімдеді.

Экспорт көрсеткіштерінің өсуімен қатар, салаға инвестиция тарту жұмыстары да жалғасып отыр. 2025 жылғы желтоқсаннан бері жалпы сомасы 391,3 млрд теңгені құрайтын сегіз инвестициялық келісім жасалды.

Келісімдер «Khan Tengri», «Химфарм», «Нобел», «Алтинфарм», «Ромфарм», «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Қарағанды фармацевтикалық кешені» және «Степпе» компанияларымен жасалған. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту отандық фармацевтика саласын нығайтып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Форум шеңберінде 28–29 қазанда Ауғанстан делегациясы Қазақстанның ірі отандық өндірушілерінің өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорындардың өндірістік қуатымен, технологияларымен және сапаны бақылау жүйесімен танысты.

Бүгінде Қазақстанда 209 өндіруші жұмыс істейді. Оның 43-і дәрілік заттар өндірісіне, қалғаны медициналық бұйымдар шығаруға маманданған.

Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілермен тұрақты диалог жүргізіп, пациенттердің мүдделері мен фармацевтика саласының дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге басымдық береді.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.