12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиацияның маңызы зор!

Соңғы уақытта қоғамымызда медиация қызметінің маңызы артып келеді. Халықтың дауды шешу үшін сотқа емес, кәсіби медиаторлар көмегіне көбірек жүгіне бастауы елімізде медиация институтының қалыптасып келе жатқанын аңғартады. Негізі дауды шешуде бітімгершілікке барудың маңызы зор.

Сот процестері арызданушы екі тараптың бірнеше ай уақытын алса, медиация процесі таласты тараптарды бірнеше сағат ішінде татуластырып, шешім шығарады. Бұл – уақыт үнемдейді. Екіншіден, сотқа емес, медиаторлық көмекке жүгінген азаматтардың қаржылық шығыны азаяды. Құқық қорғаушы жалдаудың, көптеген сараптамалар жасаудың қажеті болмай қалады. Бұл да қаржы үнемі. Үшіншіден, әрі ең бастысы, медиация кезінде соттағы сияқты екі тараптың бірі жеңіліп, бірі жеңбей, екі жақтың да көңілінен шығатын ортақ шешім шығарады. Бұл азаматтардың медиацияға деген оң көзқарасы, оң ортақ шешімге келуге дайын екендіктерінен, құқықтық мәде­ниеттің дамып келе жатқандығынан хабар береді. Сондай-ақ бүгінгі күні Ассамблеяда да Достық үйлернің ішінен медиация кабинеттері ашылып, жақсы жұмыс істеуде. Бітімгершілік, бітімге келу ұғымдары қазақ халқының ұстанымынан, дәстүрінен алыс болмағандықтан да медиация ұғымы қоғамымызға тез сіңісіп келе жатқан секілді. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ертедегі билердің халық ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек, жаңа термин болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деуге толық негіз бар.

Жалпы Медиация барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан (дау-шардан) бас тартуға құқылы.Тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделген де, заңда көзделмеген де өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда тараптар еркін болады. Халықаралық статистикаға жүгінсек, даулардың 40 пайызы медиация рәсімінде өтеді. Олардың 80 пайызы оң нәтиже береді. Медиаияның негізгі қағидаттары: сыпайылық, құпия сақтай білу, өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың әділдігі, рәсімнің ашықтығы екенін атап өткен жөн.

Сондықтан еліміздегі медиация қызметінің алдағы уақытта да қолданыс аясы кеңи беретініне сенім мол!

Алдабек Ержан Абдразакович, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...