12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛАНАСЫНЫҢ САРЫСУДАҒЫ САПАРЫ

Кеше ауданымызға «Qazaqstan dauiri» газеті ЖШС-нің директоры Сәуле Мешітбайқызы жылдағы үрдіс бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі және «ЕлАна» сайтымен бірлесіп жыл сайын экспедиция ұйымдастырып келді.
Экспедицияның басты мақсаты – еліміздің әр облыс, ауданын аралап аймақ тұрғындарымен кездесу, өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап оны тиісті мекемелерге жеткізу.
Сарысулықтар Еланасын Жаңатас қаласына кіре беріс ауданның төлқұжаты орналасқан жерден қарсы алды. Аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей және аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев аудан тарихымен таныстыра отырып, Байқадам ауылдық округінде орналасқан Шоқай Датқа кесенесіне қарай жол тартты.

1. БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» кемел бағдарламасын ұсынған болатын. Мақаладағы «ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытта ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Елбасының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі ұлы дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналды. Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу білім саласымен ұштасып жатқандықтан, бұл істі жаңашылдықпен қолға алу керек. Елбасының қолға алуды ұсынған «туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылып келеді. Күнгейі мен теріскейінде жоталы қырлары, кез-келген тасының түбінен мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратаудың қойнауы тұнған тарих. Ғасырлар тереңінен тамыр тартатын қазақ тарихының талай тағдырлы оқиғалары мен сырлы шежірелерінің тірі куәсі бұл қасиетті өңір.
Ең әуелі Ысты-Тілік баба ұрпақтары Шоқай датқа Қарабекұлының кесенесінде болды. Ұйым ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Сембекова мемлекетіміздің қорғауындағы архитектуралық ерекшелігі мол Шоқай датқаның өмірдерегімен таныстырды.

Сәулет өнерінің көрнекті туындысы болып саналатын бұл сағанада 19 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға Шоқай датқа Қарабекұлы жерленген. Ол қара қылды қақ жарған әділдігімен, ауыздыға сөз бермес шешендігімен кеңінен танылған, жастайынан ел басқару ісіне араласып, рулар мен тайпалар арасында ғана емес, көрші жатқан туыстас елдер арасында мәмілегерлігімен аты шыққан қайраткер. Тарихымыздан белгілі, 19 ғасырдың екінші жартысына дейін Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағы Қоқан хандығының ықпалында болды. Қаһарлы Қоқан ханы болған Омар, одан кейін Құдияр қазақтарға олардың арасынан шыққан беделді, ел арасында қадірі асқан ықпалды тұлғалар арқылы басшылық жасады. Қаратаудың теріскейіндегі қазақ елінің беделді, билікке араласа бастаған жас Шоқайға Қоқан билеушілерінің қалауы түсіп, оған хан сарайының лауазымды қызметі – датқа атағы берілді. Шоқай датқа Қарабекұлы Құдияр ханға және оның шылауындағы зорлықшыл топқа емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет етті. Қоқан хандығында қызметте жүріп Шоқай датқа қазақ халқының дербес дамуын, тәуелсіздігін армандады және осы жолда күресті, өмірін арнады. Қоқан ханы Шоқай датқаны сарайына алдап шақырып алып, үзеңгісіне у жағып, қастандықпен өлтірді.Шоқай датқа – өз туған халқына адал қызмет етіп, сол жолда мерт болған жан. Тәуелсіздік алғаннан соң Шоқай датқа өмір жолы зерттеле бастады.
2001 жылы оның туғанына 200 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шаралар Сарысу ауданында аталып өтті. Кесенесінің қарсы оңтүстік бетінен еңселі ескерткіш орнатылды.
Кесене барған қонақтар Ш.Датқа өмірімен танысты. Сонымен қатар, баба кесенесінің басында рухына бағыштап құран оқылды.
— Қазақстан егемендік алғалы бері өткенімізді тану үрдісі басталып отыр. Тарих қойнауындағы ұлы тұлғалар көріне бастады. Атадан қалған осынау ұлан-байтақ жерді кімдер бізге сыйға тартып отыр дегенде әр аймақта өмір сүрген бабаларымыз еске түсері анық.
Менің бүгінгі сапарымды осындай тарихи сәтпен басталуының өзі маған үлкен күш беріп отыр. Кесененің айналасының тазалығы, оны таныстырушы кітапханашы қызымыздың сауаттылығы мені тәнті етті. Ойымды дөп басқандай осындай рухани байлық сый еткендеріңіз үшін рахмет,-деп берері мен, көргені көп қадірлі апамыз ағынан жарылып, балаша қуанғанын жасырмады.

2. Ауыл-ел бесігі-ауыл ажарын ашуда

Ауыл – алтын бесік, қасиетт іқұт мекен. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүрусапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — елбесігі» жобасы Сарысу ауданында да қарқынды жүруде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда.
Бұл ретте, «Ауыл –Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылды.
Республикалық бюджеттен өңірлер бойынша қаражат бөлудаму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының саныныңнегізінде жүзеге асырылды.
Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кеңауқымды жаңғырту басталады. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттаржүйесіне сәйкес Жамбыл облысы Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасыаясында Саудакент және Жайылма елді мекендері — тірек елді мекендерретінде, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс,Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендерретінде айқындалып, іріктеліп алынды.
Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 22 жобаға қаржы бөлініп, барлық жобалар бойынша жұмыс аяқталды деуге болады.
Соның ішінде «Ақбота» балабақшасының ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары тлығымен аяқталып, ата-аналарға қуаныш сыйлауда. Сәуле Мешітбайқызы аталмыш балабақшаның меңгерушісімен кездесіп, бүлдіршіндер жайында әңгімелесті. «Мөлдір бұлақ» балалар журанлына бойында жылт еткен, таланты мен талабы бар балаларды беріп, қанаттарын қағуға сеп болайық, — деді.
Сондай-ақ, Байқадам ауылдық округінің әкімі Амантай Назарбеков Саудакент елді мекеніндегі 18 негізгі көшенің жөндеу жұмыстары толық аяқталғанын, бұрын аудан орталығы болған ауылдың бүгінгі ахуалы тұрақты әрі жағдайы жақсы екендігін айтты.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Саудакентте спорт залы құрылысы жүріп жатыр. Бұл ауылдан спорт саласының майталмандары мен чемпиондары көптеп шығады деген сөз деп ауыл қуанышымен бөлісті.

3. ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

С.Мешітбайқызының қызығушылықпен сұраған сұрақтарының бірі Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округ тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы болды.
Толығырақ тоқталсақ, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округі 2019 жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде таңдалды. Округте аула саны — 984, халық саны — 6006 адам.
Мақсаты: қарапайым заттар экономикасын арттыру, яғни, ауладағы жерді игеру, мал өсіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Пилоттық жоба бойынша 2,5 пайызбен 5 жылға жалпы сомасы — 915 млн 571 мың тенге тұрғындарға несие берілді.
Пилоттықтық жоба 5 — бағытта жүргізілді.

I – бағыт.Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша
Ауыл бойынша жеке қосалқы шаруашылықта: — 984 аулада 118,0 га жер бар (7 сотығы үй –жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. )Пилоттық жоба бойынша ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланды. Үй іргесіндегі егіске жарамды 118 га жердің 72 га яғни 40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсірілді, қалған 46 га басқа бақша дақылдары. Үй іргесіндегі жерге қызанақ пен қиярдың себу материалдарын алуға «Саудакент 2019» кооперативне айналым қаражатын толтыруға 760,0 мың теңге беріліп 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен тұрғындарға 20 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр ұрығы таратылды.
Үй іргесіндегі жерді игеруге ескі арықтарды тазалау (ұз- 6100м),жаңадан арық жүргізу (ұз-1900), барлығы 8 000 метр арық, лоток 2500 метр жөндеу жұмыстары жүргізіліп 984 ауланы сумен толық қамтамасыз етті. Осы жұмыстарға 7млн 97 мың тенге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Қызанақ егу бойынша: Жалпы 40 га қызанақтан 130 тн өнім жиналып 150 тенгеден аудан тұрғындарына сатылды.Табысы 130 тоннадан 150 тг/кг соммасы 19 млн 500мың теңгені құрады.
Қияр егу бойынша;Жалпы 32 га қиярдан 94,6 тн қияр өнім жиналып аудандық, ауылдық округтердегі орталық базарларда сатылды. Табысы 94,6 тоннадан 150 тг/кг соммасы 14млн 184 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, ауылдық округте екі азамат үй іргесіндегі жерге жылыжай тұрғызуға 21 млн. 200 мың теңге несие алды.Ауыл тұрғыны Утешов Тұрсынбай 15,0 млн тенге мемлекетке кайтарды.Жеке кәсіпкер Б.Сармолдаев, несие соммасы – 6 200 000 тенгеге көлемі – 4 сотық, жылыжай құрылысын жүргізіп қиярөсірді.2 айда өндірілген өнім көлемі – 4,2 тн200 тенгеден сатып, 2айдағы табыс көлемі – 840мың тенгені құрады.
2021 жылдың ақпан айында 60 түп лимон ағашын егу жоспарлануда. 1 түп лимон ағашынан 15 кг лимон алынады.

II бағыт Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша.
Округ бойынша мал сатып алуға 300 өтінім түсіп, берілген несие сомасы 778 млн 311 мыңтеңгені құрады.Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақыланды. 797 бас аналық бастан 398 бұзау, 747 бас жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдер алынды. Алынған несие нысаналы мақсатына сәйкес жоспар 101% орындалды.Пилоттық жоба бойынша алынған115 бас бордақыланған бұқаның 90 басы көршілес Түркістан облысы Қарабұлақ ауылына сатылып қалған 25 бас ауыл және аудан көлемінде және өзіндік тұтынуға сатылды. Жалпы бордақы малдан 18 тонна ет 1800 тг/кг, соммасы 28 млн800 мың теңге. 410 сауын сиырдан 196,8 тонна сүт өнімі 100 тг/литр, соммасы 29 млн 520 мың теңгені құрады.

III бағыт. Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану.
Ауыл тұрғындарының қолда бар малымен мен сатып алынған малға азық дайындау үшін, «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді. «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп өнімі 195 тн және бірлескен қызмет арқылы «Мұрат» шаруашылығы мен 500 га жаздық арпа егіп, өнімі 325 тн болды. Бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 га суармалы егістік алқабына дәндік жүгері егілді.«Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгеріден 48 тн өнім, 8 га көп жылдық шөптерінен 20 тн өнім алынды.
Барлығы 950 га жер егістік егілді. Жалпы егістік егуге 15 тн тыңайтқыш, 9 тн жанар-жағар май жұмсалды. Шөпті орып, арпаны жинауға,тасымалдауға 5 тн жанар – жағар май жұмсалды. Осы жиын терінге коопертив жұмысшыларға 3 200 000 тг жалақы төленді.
«Саудакент 2019» кооперативі 350 рулон таудың шөбі, Шу бойынан берілген шабындық жерде коопертив мүшелеріне қамыс шөбі 3500 теңгеден 1300 рулон дайындалды.

IV бағыт. Кооперативтерді жабдықтау және/немесе құру.
Кооперативтерді жабдықтау5 — адамнан құралған 901 мүшелері сайланды. Жалпы кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 20 дана техникалар мен қондырғылар 87 млн 380 мың теңгеге лизингке берілді. 1- Комбайн ЕСІЛ, 3 – дана Трактор тиісті тіркемелерімен (тұқым сепкіш, 2- соқа, кун, тырма т.б.) алынды.
Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативіне 3 га жер бөлінді.

V бағыт. Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бойынша.
жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 9 млн 080 мың теңгеге наубайхана ашуға несие алынды. Наубайхананың ғимараты дайындалып, құрал жабдықтарын орнатуда.
Саудакент ауылына жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған. Жоба бойынша Тараз ӘКК- на Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжатттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізді
Президент қолдап, Үкімет мақұлдаған жобаны жұмыла жүзеге асыру-мерейлі міндет болса, жауапкершілік жүгі одан да батпан.
Тұрғындардың тұрмысын арттыру- бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар Сарысу ауданындағы Байқадам ауылдық округінде табысты жүзеге асуда.
Пилоттық он ауылдық округтің бірі саналатын Саудакенттіктер бұл таңдау өздеріне бүйырған бақ деп түсінеді.

4. ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге туыңды тік!» бастамасы аясында Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылында «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылған болатын.
Осы аллеяда болған Сәуле Мешітбайқызы ауылдың ажарланып келе жатқандығын көріп қуанып отырғандығын, тілге тиек етті.
Расында аллея заманауи үлгіде салынған. Аллея ішінде орындықтар, жаздық сахна, ауданға еңбегі сіңген ардагерлердің аты-жөндері жазылған мемориалды тақта және түнгі шамдар орнатылып, 107 метрлік құбырлы құдық қазылған. Сонымен қатар, жасыл желектерді суаруға арналған бүркіп шашатын су жүйелері де орнатылған. Сондай-ақ, аллея ішіне жалпы көлемі 1335 шаршы метрлік жүргіншілер жолақтары мен орталық алаңшаға жасанды төсемелер төселген. Аллеяның жасыл алаңы 3700 шаршы метрді құрайды. Ал, оның бес жағынан сапасы жоғары бейне-бақылау құрылғысы орнатылған.
Сондай-ақ, мұнда ҰОС-ның, қуғын сүргін құрбандарының құрметіне арналған тақталар да бар.
Тарихқа көз жүгіртіп, болашаққа үмітпен қарау нағыз болар елдің ісі деген апамыз, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Темірлан Әбдіреевпен тіледсіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігмен танысты.
Жаңаталап ауылдық округі 2002 жылы құрылған. Ауылдық округтің жалпы аумағы 79625,1 га құрайды.
Халық саны — 1894 адам. Округте екі елді-мекен Жаңаталап және Ұйым ауылдары.
Ауылдық округке қарасты елді-мекенде 2 ФАП ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.
2018 жылы Ұйым ауылдық фельдшерлік акушерлік пункті жаңа ғимаратпен қамтамасыз етілсе, 2019 жылы Жаңаталап ауылдық фельдшерлік пункті 10 келушіге арналған жаңа ғимаратпен қамтамасыз етілген.
Жаңаталап ауылдық округіне қарасты 3 білім мекемесі бар. 1 колледж және 2 орта мектеп.
Ұйым ауылында Ы.Сүлейменов атындағы орта мектепте 41 ұстаздар 178 оқушыға және мектеп алды даярлықтағы 21 оқушыға білім беруде.
Жаңаталап орта мектебінде 45 ұстаздар 176 оқушыға және мектеп алды даярлықта 21 оқушы білім беріп келеді.
Үстіміздегі жылы Жаңаталап орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
№11 Сарысу колледжінің ғимараты 1978 жылы пайдалануға берілген.
Колледжде 42 ұстаз ветеринариялық,пісіру ісі, аспаз және фермер мамандықтары бойынша 177 білімгерге білім беруде.
2020 жылы ауылдық округте 19 адам «Бизнестің жол картасы – 2020» бағарламасы бойынша 555,6 мың теңге қайтарымсыз грантына қол жеткізіп,өз кәсіптерін ашуда.
Үсітіміздегі жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 кәсіпкер 11,4 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда.
Сонымен қатар 3 шаруашылық мемлекеттік бағдарламалар арқылыкүн батареясын орнатты және осы бағдарлама аясында жылжымалы үйшік (вагон) алды.
2020 жылғы отырғызылған егіс көлемі. Ағымдағы жылы диқандар 1310,9 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырылып, жоспарды 100 орындады.
2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы және «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жаңаталаптағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарынан өткенін көрді.
Бұл ауылда да мемлекеттің қолдауы кеңінен көрсетіліп, жылдан жылға, жол, ауыз су, басқада қажеттіліктер рет-ретімен шешіліп келе жатқандығының куәсі болды.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жаңаталаптағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарынан өткенін көрді.
Еланасы: — Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз деді.

5. СЫЙ-ҚҰРМЕТ

Ауданның тыныс-тіршілігімен сусындаған С.Мешітбайқызын Жаңатас қаласына кірген бойдан аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов құшақ толлы гүлмен күтіп алды. Аналық мейіріміне бөлеген асыл жанға аудан басшысы ауданға арнайы атбасын тірегені үшін алғыс білдірді.
Кездесу ұйымдастырылып, аудан басшысы қонақты таныстырып, ауданда еңсесін тіктеген егемендік жылдарында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша тоқталып өтті.
Сөз алған Сәуле Мешітбайқызы өзінің өмірі жайында әңгімеледі. Әдебиетке құмар боп өсіп, журналист болғысы келгенімен, өмір сүрлеуі география-биология пәнінің мұғалімдігіне бұрыпты. Бүгінде бес ұл, бір қызынан немере-жиен, шөбере сүйіп отырған Сәуле Мешітбайқызы қарапайым жұмысшыдан республикалық деңгейдегі танымал мектептің директорлығына дейін еңбектің арқасында көтерілген. Ел анасы атанған журналист қаламды қару еткен салаға, «Қазақстан-Zaman» газетіне пайғамбар жасында келіпті.
Бүгінде ақпараттың таралу ауқымы кең, алуан түрлі сайттар бар. Олардың ішінде жастарға тәлім-тәрбие беретіні, ауызбіршілікке шақыратыны некен-саяқ. «ЕлАна» – рухани, имани сайт.
Кездесу сақтық шараларын сақтай отырып, еркін форматта өтті.
Ауданымыздың мкқтанышы, Жазушы Пернебай Дүйсенбин өзінің туындыларын сыйға тартып, ағалық ақ лебізі мен ақ батасын берді.
Сұрақтар қойылып, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің үздік қызметкері Светлана Қожаназарова «Қазақстан дәуірі» газетіне өңірдің, ауданның тұлғалары туралы жайында мақалалар жарияланып тұрса деген ұсынысын ортаға салды.
Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Оңласын Мұқашев адамға рухани демалыс сыйлайтын, өнегесі мол осындай кездесулер жиі өтіп тұрса, жас ұрпақ үшін жақсы болар еді деген пікірін білдірді. Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағанбетов «Қазақстан дәуірі» газетінен өзі әсер алған мақалаларды әріптестері мен отбасында әңгімелеп беретінін айтты. С.Мешітбаева ұсыныстарды қабыл алды. Ауыл әкімі Бақытжан Жақсылықовқа қамшы сыйға тартты.
Кездесуді аудан әкімі қорытындылап, жасы жетпісінші белестің бесеуінен асқанына қарамастан, халықаралық газетте қызмет етіп, қоғам үшін еңбек етіп, еліміздегі жеті мыңнан астам ауылдардың бес мыңын аралап көрген ел анасына аудан жұртшылығы атынан
алғысын білдірді.
— Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Оның үстіне тек бір шаңырақтың ғана емес бүкіл елдің анасына айналған, қоғам қайраткері Сәуле анамызға қандай құрмет көрсеткете жарасады деп, иығына оқалы камзол кигізіп, орамал жапты. Қазақтың қонақжайлығын танытып, дәстүрден аттамай, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...