12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тоқаев 2021 жылы кейбір қылмыскерлерге рақымшылық жасалатынын мәлім етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтанда ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оның барысында ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындылары және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Президент өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

«Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда тоғыз рет рақымшылық жарияланды (1991, 1994, 1996, 1999, 2000, 2002, 2006, 2011 және 2016). 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық кезінде түрмелерден бір жарым мыңға жуық адам босатылып, сотталған 20 мыңнан астам адамның жазасы жеңілдетілді.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕМЕК

Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.

На повестке – здоровье будущих поколений

ВОПРОСЫ ЗДОРОВЬЯ НАЦИИ, В ОСОБЕННОСТИ БУДУЩИХ ПОКОЛЕНИЙ, ВНОВЬ СТАЛИ ПРЕДМЕТОМ АКТИВНОЙ ПАРЛАМЕНТСКОЙ ДИСКУССИИ. ЧЛЕНЫ ДВУХ ПАРЛАМЕНТСКИХ ФРАКЦИЙ ВЫСТУПИЛИ С ДЕПУТАТСКИМИ ЗАПРОСАМИ, ЗАТРАГИВАЮЩИМИ ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ, ОТ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ РОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ С ТЯЖЕЛЫМИ ГЕНЕТИЧЕСКИМИ ПАТОЛОГИЯМИ ДО НЕОБХОДИМОСТИ ОГРАНИЧЕНИЯ ДОСТУПА ДЕТЕЙ К ВРЕДНЫМ ПИЩЕВЫМ ПРОДУКТАМ.

Елімізде екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды.

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?

Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана және түнде Қостанай қалаларында ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін.