eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

Бүгін #қысқаданұсқа айдарында eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі туралы сөз етпекпіз.

✅ Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.
✅ Бастапқы бетте көлік және коммуникация бөлімі батырмасын басыңыз – Коммуникациялар – Қызметтер – Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін таңдап, төмендегі нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.
✅ Үшінші тұлғаға порталда авторизацияланып, «Онлайн сұрау» батырмасы бойынша өту қажет.
1️⃣ қадам. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның ЖСН енгізу және «пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру» батырмасына басу керек. ⚠️Назар аударыңыз! Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушының жауабы саналмайды.
2️⃣ қадам. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қою керек.
3️⃣ қадам. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.
? Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.

Арычный цейтнот

В ЭТИ ДНИ КИПИТ НЕ ТОЛЬКО ПОГОДА. В АЛМАТЫ...

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.