Онлайн дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Ж.Е.Байдаулетова, судья К.А.Кенжебеков, облыс прокурорының аға көмекшісі А.А.Избанова, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Л.Ташметова, Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалар институтының сот сарапшысы-психологы Г.Жамбекова «Whatsapp» мобильді қосымшасы арқылы қатысты.
«Онлайн дөңгелек үстелге» қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілерді қорғау, кінәлілерді жауапқа тарту және жазасыз қалдырмау мақсатында осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру, өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастырды. Адам құқықтарын қорғау аясында халықаралық актілермен кепілдендірілген азаматтар құқығының сот арқылы қорғалу қызметін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік шаралар бойынша ұсыныстар жасалды.
Баяндама жасай отырып, Ж.Е.Байдаулетова, зорлық-зомбылық мәселесі – бұл жыл өткен сайын әлемде және Қазақстанда өзекті бола түскен күрделі мәселе. Статистика бойынша, әлемде әр бес минут сайын бір ана баласымен зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Қазақстан Республикасында отбасылық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 2017 жылы 446 жағдайды құраса, 2018 жылы – 919, ал 2019 жылы 1055 жағдайға жеткен, деп атап өтті.
Сонымен қатар, спикер «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдардың қабылданғанын атап көрсете отырып, соттар өз кезегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу кезінде олардың тікелей субъектілеріне айналмауы тиістігін, заңдылықты жүзеге асыруда өз қызметінде олар аталған санаттағы істер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасының құқықтық аспектілерін қолданатындығын айтты.
Заңмен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік жәрдем мен көмектің, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатайтудың құқықтық тетіктері белгіленген. Елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнаулы бөлімшелер құрылған, зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетін, сондай-ақ уақытша баспана қызметтері көрсетілетін дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, деп айтып өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруда пікір және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өте отырып, қылмыстық қол сұғушылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау
бойынша қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары туралы пікірлерін білдірді.
Райхан Ратова,
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы