12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ауылдардан айырылу ұлттық қауіпсіздікке де қауіп төндіреді

Жыл сайын елімізде жүздеген ауыл жойылуда. Статистикаға сенсек, 2012-2019 жылдар аралығында елімізде 500-ге жуық ауыл иесіз қалып, жойылыпты. 2000 жылдан бері СҚО-да 118 ауыл иесіз қалыпты. Солтүстіктегі ауылдар ғана емес, Шығыс Қазақстанның Қытаймен шекаралас ауылдары да бос қалуда. «Иесіз жердің жау шақыратынын ескерсек», шекаралас ауылдардың бос қалуы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да өзекті. Әйтсе де өкінішке қарай елімізде жойылған ауылдардың алдын алу бағытында ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан қазір жойылған ауылдар саны жыл өткен сайын артып барады. Соның айғағы кеше ғана Батыс Қазақстанда тағы төрт ауылдың жойылатыны белгілі болды. Жалпы еліміздегі 6 416 ауылдың 3 477-сі ғана келешекте даму әлеуеті бар деп танылған көрінеді. Яғни, ауылдарды дамыту бағытында жұмыс істемесек, келешекте ауылдарымыздың тең жартысынан айрылып қалғалы отырмыз.

Соның айғағы жақында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан Сүттігенді, Жаңаауыл, Тасаншеген, Қарабас ауылдары таратылды. Өңірлік мәслихаттың 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі шешімімен жойылған ауылдарда 50-ден 100-ге дейін арасында ғана тұрғындар қалған көрінеді. Соның алдында ғана Шығыс Қазақстан облысында экономикалық тұрғыдан болашағы жоқ деп танылған сегіз ауыл жойылған. Қостанай облысында да жақында ауылдардың саны бесеуге азайған. Жергілікті билік шағын елді мекендерді жою туралы шешімді оларда қажетті инфрақұрылымның жоқтығымен және оларды дамыту экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігімен байланыстырып отыр. Мектеп, аурухана, балабақша салуға, жолдарды жөндеп, су құбырын тартуға және тағы басқа құрылыс жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу кезінде болашағы бар, тұрғындары көп ауылдар ғана қарастырылады. Ал тұрғындарының саны жүзден төмен ауылдар бюджеттен қағылып, соңында жойылып тынады. Алайда осы бетімізбен кете берсек, ауылсыз қалмаймыз ба?! Ауылдан шыққан азаматтар не дейді?!…

Абзал Ералиев, Мәжіліс депутаты:

— Ауыл қазақтың күретамыры болатын. Қала қазағы баласын қазақылығын сақтау үшін үш ай жазғы демалысында ауылға жіберетін. Ауылдағы өндіріс, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы қалалықтарды ғана емес, тұтас республиканы асырап, «миллионер атанған ауылдар» бар еді. Ауыл еңбегіне пісіп өскен талай бала спортшы атанып, қыр баласының қиялына ерік берген ауылдан талай ақын жазушылар да шыққан. Ауыл қазақтың үлкен энергия күші, күретамыры, ата бабасының кіндік қаны тамған, қазақи әдет ғұрып, салт дәстүрі сақталған алтын ұясы болатын. Ауылдан айрылу ұлттық болмысымыздан айрылумен бірдей. Сондықтан арнайы мемлекеттік бағдарлама жасап, әр ауыл бойынша өнеркәсіп орындарын, мал шаруашылығын құрып, барынша қалған ауылдарымызды сақтап қалуға тырысуымыз керек. Шын сақтаймыз десек, ауылдарды сақтауға мүмкіндік мол. Еуропада тіршілігі қалаға бергісіз, өнеркәсібі мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып отырған талай ауылдар бар. Сол қала типтес, өмір сүруге барлық мүмкіндік жасалған ауылдардың тәжірибесін бізге де әкелу керек. Ауылдан шыққан, ауылын сақтағысы келген, қолынан іс келетін азаматтарға мемлекет тарапынан қаржы бөліп, туған жерлерін дамытатын жобаларға ақша құю керек.

Кеңес дәуірінде ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне мемлекет тарапынан сұраныс болатын. Малдың жүні мен сүтіне дейін арнайы қабылдау пунктері арқылы жетер жеріне жедел жетіп отыратын.Малыңды етке тапсырсаң, бір айдан кейін ақшасы жергілікті пошта бөлімшесіне келіп түсіп тұратын. Ауылдықтардың мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдап алу мәселесін тиімді ойластырсақ, ауылдықтар ауылдан көшпес те еді. Бүгінде ауылда тұратын кез келген адамда мал мен құс бар, тіпті аздап болса да бау-бақша салып отырғандар да жоқ емес. Ал, мал бар жерде ет, сүт, май, қаймақ, тері, жүн, жұмыртқасы бар. Ауыл тұрғындарының осы өнімдерін қиналмастан өткізе алуына жағдай жасалса, сонымен бірге олардың жол қатынасы, емхана мен мектеп мәселелерін шешіп берсе, жұрттың жұмыла көшуіне айтарлықтай тоқтау болары анық.

Өкінішке қарай, соңғы кездері ауыл мәселесін мүлдем естен шығарған тәріздіміз. Жақында ғана Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов газбен қамту ісі бойынша ауыл әкімдерінің есебі шындықтан алыс екенін мәлімдеген болатын. «Жылына 50 миллиард текше метр газ өндіретін Қазақстанның халқы сол газбен үйін жылыта алмаса, біз қандай өмір сапасы туралы айта аламыз, ондай әлемдік рейтингтің құны бес тиын. Түркістан облысындағы «Біртілек», «Еңбекші» және «Ораз ата» ауылдарында осыдан төрт жыл бұрын газ құбыры салынған. Тұрғындар өз ақшасына үйлеріне құбыр тартып, газ пешіне дейін қойып алған. Мұндай жағдай Жетісай ауданының Көктөбе ауылында, Сайрам ауданының жеті ауылында, Ордабасы, Қазығұрт ауданының ауылдарында болған. Өкінішке қарай, осы ауылдарға көгілдір отын әлі жетпеген. Егер газ болмаса, тұрғындардан 4 жыл бұрын неге ақша жиналған? Халықпен кездесу кезіндегі айтылған шағымдарға сүйенсек, Жетісай ауданындағы 72 мектептің 39-ы әлі де көмір қызуымен жылынады», – деп ашынды мәжілісмен.

Жолдауда айтылғандай «ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылға қарай 4 есе арттыру»межесінің қағаз жүзінде қалғаны өкінішті. Ауыл мәселесіне қырын қарап, ауылдағы еңбек өнімділігі қағаз жүзінде ғана орындала берсе, қалған ауылдарымыздың да орнын сипап қалмасымызға кепілдік жоқ.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады.

Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.