12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕКПЕ САЛДЫРУ: ДҰРЫС ПА, БҰРЫС ПА?

ЕКПЕ САЛДЫРУ КЕРЕК ПЕ? КІМДЕРГЕ ТЕГІН САЛЫНАДЫ? ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ЕКПЕГЕ НЕГЕ ҚАРСЫ? «ЗАҢ ГАЗЕТІ» КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН САУАЛДАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП КӨРГЕН. Қазақстанда егу жүргізілетін инфекциялардың тізбесі ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы №2295 «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген. Ал ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 156-бабына сәйкес, дәрігер профилактикалық екпе салар алдында адамды толығымен тексереді. Екпенің салыну мақсатын, оның жанама әсерлері мен асқынған жағдайда не істеу керектігін, одан бас тарту салдары туралы толық ақпарат береді деп жазылған.
Одан өзге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кесте бойынша сәби бір жасқа толғанға дейін 12 түрлі екпе алуға міндетті. 16 жасқа жеткенше балаға тағы бес екпе салынады. Содан кейінгі екпе адамға 10 жыл сайын беріліп тұрады. Оның кейбірі міндетті саналса, енді бірі – адамның өз еркінде.
Жалпы, еліміздің аумағындағы әр адам тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелер алуға құқылы. Жұқпалы аурулардың ұшқыны болмас үшін балалар балабақшаға екпе алғаннан кейін қабылданады. Екпемен қорғалмаған балалар жұқпалы аурулар тіркелген сайын карантин аяқталғанша балабақшаға бармайды. Егер ата-ана баласына екпе салдыртудан бас тартса, оның шешімі медициналық құжаттарға жазылуы тиіс. Ата-ана мен медициналық қызметкер осы жазбаның астына қолдарын қоюы қажет. Сонымен бірге міндетті түрде бұл шешімнің мүмкін болатын салдарлары көрсетіледі. Екпеге қатысты қоғамда екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі керек десе, бірі қолдамайды. Енді бірі ислам шариғатымен байланыстырып, қарсылық танытады. Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша, 2015 жылдың 25 мамырында құрамында этилдік спирті бар дәрі-дәрмектерді қолдануға болады деген пәтуа берген.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

Холодный разум: миф или тренируемый навык?

ПОЧЕМУ ОДНИ В ПАНИКЕ СОВЕРШАЮТ ГЛУПОСТИ, А ДРУГИЕ В...

Казахстан становится страной форумов?

КАЛЕНДАРИ ЧИНОВНИКОВ, БИЗНЕСМЕНОВ, УЧЕНЫХ И ИСТЕБЛИШМЕНТА ПЕСТРЯТ МЕРОПРИЯТИЯМИ: ВСЕВОЗМОЖНЫЕ...

Жить на стороне закона

Причиной большинства преступлений, совершаемых молодыми людьми, зачастую является непродуктивное...

Инструмент коммуникативной культуры

Юридический факультет Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно с...

Старт новой образовательной эры

В Г. ШЫМКЕНТЕ НА БАЗЕ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ. М....