12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиацияның қолданыс аясын кеңейту керек

Соңғы кездері елімізде медиация жүйесі жақсы дамып келеді. Мамандар да медиацияның тынысын ашу қажеттілігін үнемі айтуда. Қазіргі таңда медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларда қолданылуда. Бұл ең алдымен тараптардың өз уақыттары мен қаржыларының үнемделуіне ықпал етеді. Сондай-ақ дауға қатысушы азаматтардың арасындағы мейірімді қатынастардың сақталып қалуына, құпиялықтың сақталуына әсер етіп, мемлекеттік баж салығы төленбеуімен және адвокаттың қымбат тұратын қызметін қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан барлық жағынан тиімді жүйені қазақ қоғамы да жатсынбай қабылдауда. 

Жалпы медиация туралы заңымыздың аты бөлек, жаңа термин болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, ХVІІ-ХVІІІ ғасырда біздің елімізде түрме деген ұғым болмаған. Адамдар арасында пайда болған дауларды ақсақал-билер өзара реттеп, билердің бітімгершілік дәстүрімен шешіп отырған. Сондықтан медиацияны халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деуге толық негіз бар. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ертедегі билердің халық ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауда билер бітімгершілігінің, дауларды тиімді жолмен шешуі үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі. Тіпті бітімгершілік уәжге құлақ аспау көргенсіздік, тексіздік ретінде бағаланған. «Бітімшілікке тоқтамағаннан береке іздеме» деген сөз осыдан шыққан. Осы орайда аталар салған жол, медиация біздің қоғамымызда да тез сіңісіп кетеріне сенім мол. Қазір елімізде медиаторлар қалыптасып, барлық соттарда медиация кабинеттері ашылып жатыр. Жазаны ізгілендіруді жолға қойып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандар санын азайту мақсаты жолында да медиацияның маңызы зор болып отыр. Сондықтан қоғамымызда медиацияның маңызын арттырып, қолданыс аясын кеңейту қажет.

Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл халыққа да, сотқа да тиімді. Екі көрші бір-бірімен араздасып, артынан татуласып жатса, оған мем­лекеттің араласуы міндетті емес. Сондай-ақ бұл жағдайда қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп, біреудің кінәсін дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Сонымен қатар, азаматтық істерге қатысты мәселелерде (әсіресе ол отбасылық, неке заңдары мен кәме­летке толмағандардың ісіне қатысты болса) заң нормаларынан гөрі мораль­дық талаптарға бой ұсынған жөн. Медиацияға жүгінсе, дауласу­шылардың бірінікі – дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Сондықтан алдағы уақытта жүйенің қоғамымызға сіңіріліп, заманға сай жетілдіру жолында дамыған елдердің медиацияны қолдану кезіндегі жетістіктерін тәжірибемізге енгізу уақыт талабы деп санаймыз.

Сейдахметов Максат Канымбекович, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы 

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...