Жаңбыр жауып, дауыл соғады. Қазақстанның 9 өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің 9 өңірінде дауыл соғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтөбе облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

19-20 қыркүйекте Алматы облысында түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай соғады, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жел күшейеді, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, күндіз қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.

«ТЖМ тұрғындарды ауа райын бақылап отыруға шақырады. Ескерту хабарламаларға немқұрай қарамаңыз және сақтық шараларын қолданыңыз», — деді ведомство өкілдері.

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...

Кассационный суд по гражданским делам

C 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...

Справедливый суд – опора государства

ОФИЦИАЛЬНАЯ ИСТОРИЯ КАРАГАНДИНСКОГО ОБЛАСТНОГО СУДА БЕРЕТ СВОЕ НАЧАЛО 29...

Правовой диалог тюркского мира

ВОПРОСЫ ЦИФРОВИЗАЦИИ ПРАВОСУДИЯ, ВНЕДРЕНИЯ ТЕХНОЛОГИЙ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА В СУДЕБНУЮ...

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...