12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЛЫҚТАН БОСАТЫЛҒАН САЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Пандемия қай саланы болмасын тығырыққа тіреп отыр. Дағдарысқа қарсы күрес шаралары аясында Қазақстан үкіметі 20 сәуірден бастап 1 қазанға дейін кіші, шағын, орта бизнес нысандары үшін жалақы қорынан төленетін салық пен өзге міндетті төлемдердің нөлдік өлшемдерін белгіледі. Бұл жеңілдік 29 қызмет түріне тиесілі болмақ.
Қуаныштысы сол осындай қолдауға індет құрығынан құтыла алмаған жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдары да ие болып отыр. Шыны керек, төтенше жағдай бұл салаға да аз қиындық келтірмеді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, бүгінгі таңда әлемді жайлаған осы індеттің салдарынан 2020 жылы олардың жарнамадан түсетін табысы орташа есеппен алғанда 30 пайыздан 60 пайызға дейін кемитіні белгілі болып отыр. Төтенше жағдай кезінде теңгенің құнсыздануына орай алдын ала жасалған есеп бойынша 60 теле-радиоарналар үшін шығын 810 855 мың теңгеге жететіні белгілі болып отыр. Бұл 2020 жылғы табыстың 55,6% пайызы. Ал, баспа басылымының шығыны 1 млн 551 мың теңге болады екен. Бұл олардың жылдық 32,01 пайызына тең. Мұндай жағдайда тек БАҚ құралдарының экономикалық жағдайы, олар шығаратын бағдарламалардың саны мен сапасы зардап шегетіні анық. Оның зардабын қалың көрермен, тыңдаушы, оқырмандардан бұрын осы БАҚ-да несібесін айырып, жүрген жүздеген қазақстандық көреді. Осыны зерделеген Парламент депутаттары дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасап, арнайы заң жобасын әзірлеген болатын. Бұл құжат Парламент жазғы каникулға кетер алдында қабылданып, өмірге жолдама алды. Жаңа құжатта көрініс тапқан өлшемдер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін салық пен еңбекақы төлеу қорына міндетті аударым жасаудан босатылды. Ал, коммерциялық теле-радиоарналар бұған қоса 1шілдеден 31 желтоқсанға дейін ұқсас эфирлік цифрлық телерадио хабар тарату қызметіне ақы төлемейтін болды.
Аталмыш құжаттың бастамашыларының бірі Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Раудың айтуынша, бұл шара мемлекеттік
емес бұқаралық ақпарат құралдарына пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдайдың келтіріп отырған зардабын азайтады. Олар негізінен, бұл ұйымдардағы жұмыскердің салық жүктемесін азайтуға бағытталған. Заңда дәйектелген нормаға сәйкес, БАҚ қызметкерімен жасалған келісімшартта жалақы салықсыз көрсетілген болса, онда бұл жеңілдік жұмыс берушіге беріледі. Ал, керісінше, яғни көрсетілген сома салықпен есептелсе, онда жұмыс беруші аталмыш жүктемеден босатылады. Жаңа тетік жұмыс беруші артылған соманы жұмыскердің жалақысына қосады деген оймен енгізілді. «Яғни, төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылғандарға мемлекеттен 42500 теңге берілсе, жұмыс істегендерге салықтан босату арқылы көмек жасалады. Бұл карантин жағдайында телевизия, баспа басылымдарында жұмыс істеген ұжымдарға жасалып отырған қолдау» дейді Рау мырза.
Қабылданып отырған шешімнің маңыздылығын депутат коммерциялық теле-радиоарналар қызметкерлерінің медициналық қызметкерлер секілді пандемия салдарынан қауіпті аймақта тұрғандығымен түсіндіреді. Өйткені, олар да бастарына төнген қатерге қарамай, жедел түрде тұрғындарға мемлекеттік саясат туралы, қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат жеткізіп, елдегі тұрақтылықты сақтау жолында тер төгуде. Бұл шара сонымен қатар саладағы біраз жұмыс орындарын сақтап қалуға да септігін тигізеді деген үміт бар.

Әлібек АБДИЛОВ, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:
«МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰЛ ЗАҢҒА 2 ШІЛДЕДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ»

– Елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге орай Парламенттің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жасаған түзетулері негізінде бұқаралық ақпарат құралдарына да салықтық жеңілдіктер қарастырылғаны белгілі болып отыр. Бұл қолдауға бұқаралық ақпарат құралдарының қандай санаттары ілініп отыр. Көмек жалпы қалай жүзеге асады?
– Иә, әлемді жайлаған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Жарияланған төтенше жағдай барлық салалар секілді бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына, табыс деңгейіне өз көлеңкесін түсірді. Сондықтан Салық кодексіне енгізілген түзетулер бойынша оларда салық жеңілдіктері қарастырылған болатын. Жеңілдікке жекеменшік теле-радио хабарлар тарату, мерзімді басылымдар осы өлшем бойынша ілініп отыр. Бұл шараның жүзеге асуын түсіндірер болсақ, мысалы «Заң газетінде» жұмыс істейтін 1000 адамның әрқайсысының жалақысы 1000 теңге десек, барлық жалақы көлемі 1 млн теңге. Енді осы қызметкерлердің 700-і журналистер болса, қалған бухгалтер, әкімшілік қызметкерлер, техникалық персонал саны 300 адам. Жұмыс беруші әлеуметтік салықты 1 млн теңгеден емес 300 мың теңгеден ғана төлейді. Демек, әлеуметтік салық жалақыдан алынады. Бұл жұмыс берушілер оның ішінде БАҚ өкілдеріне жасалып
отырған жеңілдік.
– Алайда , сәуір айынан бастап іске қосылады деген тетіктер әлі күнге қолданысқа енбей отыр? Неліктен?
Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған заңға Мемлекет басшысы биылғы жылдың 2 шілдесінде қол қойды. Осы себептен норманың қолданысқа енуі кешеуілдеді. Бірақ, аталмыш норманың күші осы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазанға дейін сақталады.
– Иә, бұл үлкен көмек. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, оны бұқаралық ақпарат құралдары сезіне алмай отыр. Себеп неде?
Себебі 1 сәуір екінші тоқсан ғой. Бұл кезең бойынша әлі есептер тапсырылған жоқ. Егер екінші тоқсанның есебін тапсырмай, бірақ, жұмыс беруші төлейтін әлеуметтік салықты төлеп қойса, салық төлеу базасына ол автоматты түрде тіркеледі. Одан кейін үшінші, төртінші тоқсанда төлеген кезде ол артық төлем болып саналады да алдағы уақытта жасалатын төлемдер құнына есептеледі. Бұл жеңілдік екінші,үшінші тоқсандарға жасалып отыр. Заңға қол қойылмай тұрып, әлеуметтік салықтар төленіп кетсе, қосымша салық есептілігі деген үлгі бар, сол қосымша тапсырылып, онда салық көлемі азайтылып көрсетіледі.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
«Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.