12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жомарт жүрек — жарқын іс

Иә, жанашыр жандардың көп болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе кәмелеттік жасқа толмаса да, еліміздегі қиын ахуалды жан-жүрегімен түсініп, «қарлығаштың қанатымен су сепкендей», бір түйір болса да көмегіміз тисін деп, Эльдар мен Әнуар есімді жас жеткіншектер 500 мың теңгедей қаржы жинайды.

Ұлдарының бұл игі ісіне сүйсінген ата-анасы тағы да 120 мың теңге қосып береді. Бұл қаржыға олар науқастарға аса қажетті оттегі концентратын сатып алады. Ал игі істің жүзеге асуына еліміздегі «Құс жолы» атты қайырымдылық қорының ұжымы да ұйытқы болып, волонтер-дәрігер Ирина Прокушева екі бірдей сатурацияны өлшейтін құрал пульсоксиметр мен басқа да қажетті жабдықтарды алып, Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальде емделіп жатқан науқастарға тарту етті.


Бұл мекеме бүгіннен бастап, провизорлық стационар ретінде пневмония, ауыр тыныс алып жатқан жағдайы қиын науқастарды қабылдай бастады.
Қиын сәтте қол ұшын созған қайырымды жандарға госпиталь директоры Дамир Абайділдаұлы ұжым атынан алғысын айтып, шын жүректен ризашылығын жеткізді. Бозбалалардың бұл тамаша ісі бәрімізге де үлгі боларлықтай. Қолдау көрсеткен «Құс жолы» қайырымдылық қорының басшысы Л.Сатыбалдинаға Алла разы болсын.
Осындай жанашыр жандар мен күн-түн демей еңбек етіп, отбасын екінші орынға ысырып, қызметін алдыңғы орынға қойып, қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген дәрігерлер барда бұл дертті жеңетінімізге сенеміз.

Не только профессия, но и судьба

Экибастузский городской суд для меня и первое место работы,...

Заболевание с высоким риском инвалидизации

О ТОМ, ЧТО ТАКОЕ СИСТЕМНАЯ КРАСНАЯ ВОЛЧАНКА (СКВ), КАКОВЫ...

Экосознание со школьной скамьи

В школе-лицее № 8 города Астаны открылся экологически-творческий ландшафтный...

Вестники справедливости

УВАЖАЕМЫЕ ПРЕДСТАВИТЕЛИ СРЕДСТВ МАССОВОЙ ИНФОРМАЦИИ, ДОРОГИЕ ЖУРНАЛИСТЫ И ВЕТЕРАНЫ...

Законы, что меняют жизнь

МАЖИЛИС СОГЛАСИЛСЯ С ПОПРАВКАМИ СЕНАТА В НОВЫЙ НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС...