12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация дауды шешудің төте жолы

Қазіргі таңда, әлемдегі мемлекеттерде медиация институтының өміршеңдігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны анық.

Бүгінде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өндірісіне негізінен татуласу рәсімдерін қолдану мүмкін ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2 баптары бойынша істер келіп түсуде. Бұл санаттағы істер келіп түскен тұста олар мамандануға сәйкес сот төрағасының өкімімен бекітілген «татуластырушы-судьяға» бөлінеді. Бұл судья істі мәнісі бойынша қарау алдында арнайы жабдықталған «медиация кабинетінде» тараптармен әңгімелесу жүргізеді. Әлбетте бұл тараптардың еш құқығын шектемейді. Осы әңгімелесу барысында «татуластырушы-судья» әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалардың жазылу себептерін анықтап, егер ол жанұяны сақтауға, болашақта жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын-алуда оң әсері болуы мүмкін деп шешсе тарапарды татуластыруға әрекет жасайды.

Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни тарапты негізінде жүргізілген келіссөз, екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.

Татуласу рәсімінің бірнеше ғасырдан бүгінге дейін жеткені, құқық саласында алатын орны ерекше екенін байқауға болады. Ежелгі заманда қалыптасқан заңдар бойынша татуласуды өз талаптарына сай ыңғайластырған болса, бүгінгі таңда өркениет пен адам санасының дамуы арқасында татуластыру рәсімінің ауқымы кеңи түскенін байқауға болады. Қазіргі уақытта татуластыру рәсімін әкімшілік істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда медиацияны кеңінен қолданылуы әкімшілік істер бойынша жәбірленуші мен татуласу бітімгергішілікке әкелудің тиімді жолы екені айқын.

Тараз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының жетекші маманы

А.Қазкенова

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...