КОРОНАВИРУС ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙ БАРАДЫ

Ақордада өткен коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уəлидің айтуынша, www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ жолданған.
– Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға не кедергі? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар ел Президенті кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты. Еске сала кетсек, 2020 жылдың 29 маусымындағы ресми мəлімет бойынша, республикада коронавирус індетін жұқтырған 21 327 оқиға тіркелген. Оның ішінде 13 008 науқас дертінен жазылып шықса, 183 адам көз жұмған, 8,2 мың сырқаттың жағдайы ауыр. Ал, клиникалық белгісі анықталмағандар саны 16 639 адамды құрады. Апта ішінде ауру белгісі анықталмаған сырқаттардың саны екі есеге жақын – 9809 адамнан 15 573 адамға дейін өскен. Алайда, бірқатар қалаларда зертханалар жабылып қалып, тест тапсыруға қатысты қиындықтар туындағанын ескерсек, бұл көрсеткіштер нақты болмауы ықтимал. Қазақстанда ауру белгісі жоқ COVID-19 індетін ақылы түрде анықтау мүмкін емес. Сондықтан, клиникалық белгісі жоқ науқастар тек бұрын ауырғандармен байланыста болғандардың арасынан ғана анықталып отыр. Соңғы үш күнде коронавирусты таратудың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия 38 адамның қайтыс болғанын хабарласа, бүгін тағы бес адамның өмірмен қоштасқаны белгілі болды.
Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

Құрылтай депутаттарын сайлауға 34,3 миллиард теңге бөлінді

Сайлау республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы...

Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын...

ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді 

Қазақстандағы сайлауды үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттің өкілдері бақылайды.

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты 

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.