​​Мобильді азаматтар базасына ЭЦҚ-мен және ЭЦҚ-сыз тіркелу жолдары

Біз МАБ-қа тіркелудің артықшылықтары туралы бінеше рет жаздық. Дегенмен, қайталап өтейік: телефон нөмірін МАБ-қа тіркегендер 90-ға жуық қызметті ЭЦҚ-сыз онлайн алу, қажет анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ресімдеу, құжаттың дайын болғаны туралы хабарлама алу мүмкіндігіне ие. Өте ыңғайлы.

Мобильді азаматтар базасында тіркелудің екі жолы бар.

Біріншісі – ЭЦҚ-сыз тіркелу.
Ол үшін сізге eGov порталындағы виртуалды ассистент көмектеседі. Порталдың оң жақ төменгі бұрышындағы көмекшінің суреті арқылы «Мобильді азаматтар базасында тіркеу»-ді таңдау және бейнеқоңырауды басу қажет. Содан кейін операторға жеке куәлігіңізді көрсетіп, ЖСН мен телефон нөміріңізді және телефонға келетін бір реттік құпия сөзді айтасыз.
Егер компьютеріңізде веб-камера болмаса, смартфоныңыздағы браузер немесе eGov mobile қосымшасы арқылы жоғарыда аталған әрекеттерді қайталайсыз.

Екіншісі – порталдағы жеке кабинетіңіз арқылы тіркелу.
Порталдағы жеке кабинетіңізге кіріп, мобильді телефоныңыздың нөмірін жазасыз және ЭЦҚ-ның көмегімен сұраным жібересіз.

@egovhelpkz

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...