12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дыбыс-бейне жазба электронды хаттама мәртебесіне ие болды

Отандық заңнама базасы азаматтық процесстің сапасын жоғары деңгейге көтеріп, тиімді ететін тағы бір заңмен, яғни, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен толықты.

Осы заңның жаңалықтарына келсек, ең алдымен процесті оңтайландыру, яғни, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібіндегі істерді электрондық форматта қарау мүмкіндігі ұлғайтылды. Уақыт пен қаржыны үнемдеу, электрондық хаттама арқылы сот қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету, мұның барлығы өз алдына, басты жаңалық ретінде тараптардың іске қатысты ең қысқа тұжырымға қол жеткізуін атауға болады. Тағы бір атап айтарлығы, Азаматтық процестік кодекске енген жаңа баптар арқылы судьяның құзыреті кеңіп, процестегі рөлі күшейтілді. Осы жайтқа толығырақ тоқталсақ, судьялар бұрын тараптар ұсынған дәлелдемелер мен құжаттар шегінен шыға алмайтын. Тараптар нені талап етсе, сол мәселені ғана қарап, шешім қабылдайтын. Өз бетінше басқа мән-жайларды анықтауға, өзге дәлелдерді сұратуға құқығы жоқ болды. Мұның өзі тараптар көкейінде судья жұмысы туралы «құжаттармен танысты, шешім қабылдады, оқыды, кетті» деген пікір қалыптастыратын. Жаңа заң бойынша бұл олқылықтар түзетілді. Процестегі судьяның белсенділігі артып, оған өз бастамасымен істің мән-жайын анықтауға, шындықты ашуға көмектесетін құжаттарды сұратуына, яғни, тараптарға түсіндіруге, қосымша сауалдар қоюына құзырет берілді. Сот төрелігінің басты міндеті – әділ және заңды шешім қабылдау десек, судьялар құзыретінің кеңуі осы талап үддесінен шығып тұр

Сонымен қатар, заңда соттарда қаралатын даулардың санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, татуласу рәсімдері мен медиация институтын дамыту сияқты маңызды мәселелер қамтылған. Мысалы, осы заңмен медиациялық келісімге келтірудің уақыты ұтымды шешілді. Яғни, бұған дейін медиативтік келісімге келу үшін берілетін бес күн тараптарды ортақ мәмілеге келтіруде аздық ететін. Себебі, дауласқан адамдардың жайы белгілі, оларды түсіністікке шақырып, татуластыру оңай емес. Ондай шараларға айтарлықтай уақыт керек болатын. Сондықтан, көптен бері көтеріліп жүрген бұл мәселе заңдастырылды, яғни, тараптар істі медиация арқылы өткізуге келіссе, қарау мерзімі он күнге дейін ұзартылды. Дауды шешу туралы келісімге қол жеткізілсе, судья талап арызды қабылдайды және келісімді мақұлдауды қарастырады.

Бүгінде сот саласын цифрландыру шаралары қарқынды жүзеге асуда. Бұл мақсат аталған заңмен де нақтыланды. Қазіргі күні соттарға барлық талап-арыз, шағымдар электронды форматта қабылданады. Мысалы, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен және оңайлатылған тәртіпте қаралатын істерде тараптар сот отырысына шақырылмай-ақ, электронды форматта қаралуда. Қазірдің өзінде де азаматтық сот процесстері бейнебайланыс арқылы өтуде. Процеске қатысушылардың электрондық гаджеттерді және басқа техникалық құралдарды пайдалануына құқығы бар. Аталған заңмен азаматтық процестегі сот талқылауының дыбыс-бейнежазбасына электронды хаттама мәртебесі берілуі де атап айтарлық жаңалық. Бұрын мұндай мәртебе жоқ болатын.

Жалпы алғанда жоғарыда аталған заң соттар жұмысын толықтай заманауи форматқа келтіріп, азаматтық процестегі тиімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, сот ісін жүргізуді цифрландыруды қамтамасыз етеді. Ең бастысы, сот төрелігінің сапасын көтеріп, адам құқықтарының әділ қорғалуына кепілдік береді. Еліміздің Азаматтық процесстік кодексі халықаралық стандарттарға сай келуімен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына жаңа серпін береді деуге толық негіз бар.

Айнұр Бақытжанқызы,

Алматы қаласы

Алмалы ауданының №2 аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...