12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Төтенше жағдай сот жұмысының сапасын түсірмеді

Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап қазақстандық соттар онлайн сот отырыстарын өткізіп келеді. Онлайн қызмет атқару тәсілдерін жақсы меңгергендіктен, жаңа бастамаға соттарымыз түсіністік танытып, жұмысты тез үйлестіріп алып кетті. Жоғарғы Соттың жетекшілігімен жүргізілген қарқынды жұмыстың нәтижесінде республика соттары онлайн отырыстарын өткізуге аз ғана уақыттың ішінде дайын болды. Өйткені, арыздардың қаралатын заңдық мерзімі бар. Форс-мажор деп танылғанымен, тараптардың сот жүйесіне деген сенімін төмендетпес үшін істерді кешіктірмей қараудың маңызы зор еді. Осыған орай барлық соттар істерді ретімен таразы басына салып, онлайн тәртіпте шешім шығарып бастады. Сондай-ақ халықты соттасудан аулақ болуға, дауды татуласу арқылы шешуге шақырып отыр.  

Сот отырыстары заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен ойдағыдай өткізілуде. Онлайн отырыстар – қауіпсіздіктің де кепілі. Азаматтар сотқа келіп кетіп жүргенде вирус жұқтырып алмасына ешкім кепілдік бермейді. Осы орайда қашықтан отырысқа қатысу сырқат жұқтырудан сақтайды. Мәжіліс залында сақтық шараларын сақтау керек болса, онлайн отырыста өзіңе ыңғайлы жерде, ештеңеге алаңдамай іске қатысуға кедергі жоқ. Осының бәрі сот отырыстарын қашықтан жүргізудің тиімді, пайдалы, қолайлы екенін айғақтай түседі. Қазіргі таңда пандемияның етек жайғанына қарамастан, адамдардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, талап арыз, өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы қабылдап, сот отырыстарын онлайн өткізуге сот саласына бірнеше жыл бұрын енгізілген жүйелердің арқасында қол жетіп отыр. Атап айтсақ, «Е-СОТ» шеңберінде халықтың сот төрелігіне кедергісіз әрі қолайлы түрде қолы жетіп отыр.

Сондай-ақ судьялар TrueConr және WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді кедергісіз, белгіленген уақытта таразылап жатыр. Қазір қашықтан іс жүргізуге, куәлерден жауап алуға, тараптардың уәжін тыңдауға судьялар әбден төселіп алды. Электрондық сот жүйесі талап арыз бойынша барлық құжаттарды онлайн режимінде жіберуге және курьердің қызметтерін пайдалану қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік беруде. Осы орайда атап өтер жайт осыдан бірнеше жыл бұрын сот саласының цифрлы жүйеге өтіп, заманауи озық технологияларға көшуі, бүгінгі күні сот отырыстарын онлайн өткізуге барынша ықпал етуде. Яғни соттар тарапынан ауыстырылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін емес істер мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері арқылы цифрлы жүйенің көмегімен сәтті жүзеге асуда.

Нұғыманова Арай, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...