12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕКПЕ: АҢЫЗ бен АҚИҚАТ

Жаңа туған балаларға міндетті түрде екпе жасау мәселесі қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Оны құптаушылар да, оған қарсы шығушылар да аз емес. Бұл ретте әрқайсысының өз аргументі бар. Бұған өз кезегінде міндетті екпе жасау ісінің құқықтық тетіктері айқындалған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясы қаралған сәтте туған кейбір депутаттардың қарсылығы ықпал еткені даусыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйтқы болуымен өткен «Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар» тақырыбындағы онлайн режимдегі бас қосуда осы шараға қатысты қоғамды толғандырып жүрген біраз сауалдың жауабын тапқандай болдық.

Бұл жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюробекова, Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова және қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар
қауымдастығының өкілдері, ата-аналар қатысты. Бас қосуда қоғамда дау тудырып отырған мәселе төңірегінде салиқалы диалог болды. Мәселен, екі баланың анасы, М.Горький атындағы орыс драма театрының актрисасы Светлана Сорокина бірден бұл шара жайлы мағлұматтардың аздығына базына айтты. Өйткені, үлкен баласы жасалған екпе салдарынан өзін жайсыз сезінгенде, қандай көмек жасарын білмеген.
– Негізі осындай кезде үкіметтік арнайы сайт болып, ата-аналар екпе, оның қарсы көрсетілімдері, жасалғаннан кейінгі ағзадағы өзгерістер туралы барлық мағлұматты содан алса, үлкен көмек болар еді. Біз мұндай кезде кімге жүгінерімізді білмей, өз қиындығымызбен бетпе-бет қаламыз, – деді ол. Оның айтуынша,
ағзаға жеңіл түрде ауру тудыратын 21 екпе сәби үшін өте ауыр. Оның жұқпалы ауруға қарсы иммунитетін екпе жасап, жасанды жолмен қалыптастырғанша, табиғи жолмен нығайтуға ден қойған дұрыс. Шын мәнінде көп
балалар осындай шарасыз-ақ ауруға қарсы тұрып жатыр. Мысалы, оның екінші баласына екпе жасалмаса да дені сау. Негізі екпе жасату қатерлі тәуекелге бас тігумен тең. Оны басқосуда Виктория есімді келіншек
те құптады. Ол да балам екпеден кейін аурып қалды деп байбалам салған еді. Айтуынша, қызылшаға қарсы егілсе де, баласы осындай дертке шалдыққан. Сондықтан, Виктория «ата-аналарға заң бойынша балаларына
екпе жасау мәселесін өздеріне шешуге құқық беру керек. Ауруға қарсы екпені салауатты өмір салты толықтай алмастыра алады. Қазіргі екпелердің сапасы бұрынғыдай емес. Олардың құрамындағы бір ғана формальдегид бала ағзасы үшін өте қауіпті. Ол рак молекулаларын көбейтетін канцероген. Бізде вакциналар құрамына, сапасына ешбір зерттеу жасалмайды. Осындай екпелердің салдарынан балалар аутизм, церебралды сал ауруы сынды жазылмайтын дерттерге ұшырап жатыр» деп наразылығын білдірді. Алайда, олардың бұл сөздерін мамандар толықтай жоққа шығарды. Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев
вакцинация жасау үшін құрамына түрлі стабилизаторлар, инактиваторлар мен вирустарды қажет ететін өте күрделі биологиялық реакция қажет екенін, олардың вирусты инактивациялау үшін пайдаланылатынын ортаға салды. Вакцинадағы ізі бар формальдегидтер мөлшері оба дертіне шалдықтыратындай тым көп емес. Оны адамдар екпеден гөрі су немесе азық-түлік арқылы көп қабылдап жатыр. Екпелер сапасы тексерілмейді деген
жалған сөз. Екпелердің бәрі өзі басқаратын орталық базасында жіті зерттеуден өтеді. Бүгінде Қазақстандағы зертхана еуропалық сапа стандартына сай келеді. Вакцина құрамы Еуропадағымен бірдей тексеріледі. Вакцина жасау кезінде қолданылатын заттар қауіпсіз. Ал, екпеден кейін ауырып қалды деген базынаға орай Елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко бұл үрдістің екпе жасалған балалардың жүзден бірінде кездесетін, ағзадағы бөтен затқа қарсылығын көрсететін, бірақ еш зияны жоқ өзгеріс екенін айтты. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, екпе балалардың жұқпалы ауруларға қарсы иммунитетін дамыту үшін қажет. Жалпы, ел бойынша бүгінде екпе жасатпаған балалар саны 6080, бұл барлық балалардың 1,12 пайызы ғана. Вакцинацияға қамтылған 4 841334 баланың тек 140-ында ғана екпенің
жағымсыз әсері байқалған. Бірақ, өлімге, мүгедектікке ұшыраған ешкім жоқ. Керісінше, жаппай вакцинациялаудың арқасында еліміз 2000 жылы қауіпті жұқпалы ауру полиомелитке шалдығушылықтан арылып, полиомелитсіз аймақ деген дүниежүзілік сертификатты иеленген. Сонымен қатар «б» гепатиті де толықтай жойылған. Шын мәнінде аутизм, балалардың церебралды сал ауруы сынды дерттерге аналардың қаны аздығы, жүйке жүйесіне түскен салмақ сияқты факторлар себеп болуда. Бұл дерттер балаларға екпе жасалатын бір жарым жасқа дейінгі аралығында дамиды. Сондықтан, көптеген ата-аналар оны екпемен байланыстырады. Алайда, арнайы жасаған зерттеулер, тексерістер олардың вакцинацияға еш қатысы
жоқ екенін көрсеткен. Жиында сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова екпелерге
қатысты құқық жөнінде сөз қозғады. Одан түйгеніміз бұл шара ерікті және міндетті түрде жасалатын болады. Қайсысы ерікті, қайсысы міндетті түрде жүзеге асырылатынын Денсаулық сақтау министрлігі шешеді. Зәуреш Жұманәліқызының айтуынша, Денсаулық сақтау кодексінде мұның ара-жігі нақты айқындалды. Құжатта сонымен қатар ұжымдық иммунитет мәселесі шешім тапты. Оның шегінің қандай болатынын мектеп пен балабақша басшылығы шешеді. Бұл талаптың қалай жүзеге асатынын депутат он баланың үшеуі ғана егілмеген болса, онда осы азшылықтың балабақшаға қабылданатынын, керісінше жағдайда шек қойылатынын мысал етіп түсіндірді. Аманжолова ханым жалпы қоғамда екпеге қарсы қарсылықтың туындауына кейбір медицина қызметкерлерінің де кінәсі бар екенін айтты.
– Олар екпені жекеменшік ауруханадан алыңдар дейді екен. Шын мәнінде елімізге келіп жатқан екпелер бір қоймаға жеткізіліп, бір орталықтан тексеріліп таратылады. Олардың сапасы бірдей. Сондықтан медицина қызметкерлері халықты адастырмау керек. Олар, керісінше, екпе жасалған балалармен үнемі байланыста болып, қажет жағдайда, көмек жасап, ақыл-кеңес беруі керек, – деген еді ол. Депутаттың айтуынша, заңнамада екпенің сапасы, сақталуы, оның жасалуына қатысты жауапкершілік қатаңдатылған. Алдағы уақытта бұл істегі әрбір қателікке тиісті шара қолданылатын болады.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ
«Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.